Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 47 медаль жеңді
Ташкентте 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы сапында жарыста 22 спортшы – 13 ұл мен 9 қыз өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар 47 медаль жеңді. Оның 10-ы алтын, 23-і күміс, 14-і қола.
Медаль саны бойынша Қазақстан құрамасы 3-орынды иеленді. Ал ұлдар арасында бірінші, қыздар арасында сегізінші орынға тұрақтады. 20 жасқа дейінгі юниорлар арасында Қазақстан командасы 11-орынды иеленді.
"Алдымен команданы және жаттықтырушылар штабын керемет нәтижемен құттықтағым келеді. Әр спортшы барын салып, мінезін көрсетті. Өзінің рекордсмен мәртебесін дәлелдей алған Емберді Едігені, Никита Әбдірахманов пен Әлішер Байбуровты ерекше атағым келеді. Олар жасөспірімдер арасында өз категориясында үздік атанды. Сонымен қатар юниорлар арасында екінші орын алды, Денис Полубояринов 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды", – деді аға жаттықтырушы Жәнібек Кішкенбаев.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
