Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ауғанстанға ұн мен астық жеткізуді қайта бастады – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстандық экспорттаушылар Ауғанстанға ұн мен астық жеткізуді қайта жолға қойды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

астык

"Ауғанстан – Қазақстанның астық пен ұнның негізгі нарығы, біздің стратегиялық серіктесіміз болып табылады. Шынында да, бұл елдегі соңғы саяси оқиғаларға байланысты астық пен ұнды жөнелтуде біраз кедергілер болғаны рас. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер мен тасымалдаушылардың ақпараты бойынша вагондарды төлеу мен қайтару бойынша проблемалық мәселелер шешілді, сондықтан қазір жөнелтуде ешқандай кедергілер жоқ", – деді ауыл шаруашылығы министрлігінің егін шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов.



Ол үкімет деңгейінде келіссөздер жүргізуге әлі ерте екенін түсіндіріп, қазір бизнестің келіссөздер жүргізуге мүмкіндіктері көбірек екенін айтты.

"Қазақстан мен Ауғанстанның іскерлік серіктестері қазірдің өзінде тұрақты қарым-қатынаста. Осы себепті қазіргі уақытта өнімдерді Ауғанстанға жөнелту жүріп жатыр. Егер біз сандармен айтатын болсақ, онда қазіргі күнге 199 мың тонна ұн мен 33 мың тонна астық жөнелтілген. Олардың ішінде ең негізгісі – ұн", – деп түсіндірді Сұлтанов.

Талқылау