Қазақстан әуежайларында рейстер неге жиі кешігеді: Көлік министрі жауап берді
Көлік министрі Қазақстанда әуе рейстерінің неліктен жиі кешігетініне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, рейстердің кешігуіне ауа райының қиындығы мен қатаң қауіпсіздік шаралары себеп.
"Ең бастысы – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Желдің жылдамдығы секундына 18 метрден асқанда көктайғаққа қарсы шаралардың тиімділігі төмендейді. Мұндай жағдайларда жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін желдің жылдамдығының төмендеуін күту туралы шешім қабылданады", – деді министр.
Министрдің айтуынша, әуежайлар ауа-райы жақсара салысымен ұшақтарды тезірек ұшыруға тырысады. Дегенмен, ауа-райын нақты болжау әрқашан мүмкін бола бермейтінін айтады.
"Бұл ауа-райы. Алдын ала болжау мүмкін емес. Егер ауа-райы қызметтері жарты сағаттан кейін жақсаратыны туралы хабарласа, әуежайлар көктайғаққа қарсы шараларды өткізуге тырысады. Бірақ желдің жылдамдығы қайтадан күшеюі мүмкін. Сондықтан қызметкерлер метеорологтармен тығыз байланыста жұмыс істеп, болжамдарға назар аударады", – деді Марат Қарабаев.
Еске салсақ, бұған дейін Fly Arystan жолаушысы рейске онлайн билет алып, айыппұл арқалағанын мәлімдеген еді.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты