Қазақстан әскері Беларусьтегі жаттығуларға қатысады: Қорғаныс министрлігі пікір білдірді

Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметкерлердің Беларусьтегі жаттығуларға қатысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бұзылмас бауырластық" жаттығуы Беларусьте 2020 жылдың 12 мен 16 қазан аралығында өткізіледі деп жоспарлануда.

"Бұзылмас бауырластық" 2012 жылдан бастап жыл сайын ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерімен бірге өткізіліп келеді. Бұл оқу-жаттығуды 2020 жылы Беларусь Республикасының аумағында өткізу қорғаныс министрлері кеңесі мен ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңестері хатшылар комитетінің 2018 жылғы 8 қарашадағы шешімімен бекітілген. 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің командалық-басқару органдары күштер мен құралдарын бірлесіп даярлау жөніндегі іс-шаралар көзделген", - деді қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникация департаментінің өкілі майор Ғани Нүсіпов.



Оқу-жаттығуға Қазақстаннан бірнеше адам бақылаушы ретінде жедел топтың құрамында қатысады Олар бітімгершілік операцияларын ұйымдастыру тәжірибесі мен ерекшеліктерін зерттейді.

"Бұл доктрина Беларусьтің ішкі саяси жағдайымен байланысты емес", - деп түсіндірді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр