"Қазақстан аруы-2021" байқауының финалы: Бірден үш бойжеткен жеңімпаз атанды
Алматыда "Қазақстан аруы-2021" байқауының финалы аяқталды. Биылғы жылы бас тәжді бірден үш қатысушы – Ақтөбенің атынан шыққан Назерке Қарманова, қарағандылық Анна Глубоковская және "Нұр-Сұлтан аруы" Айдана Ахантаева жеңіп алды.
Сурет: ru.sputnik.kz сайтынан, авторы – Тимур Батыршин
Байқаудың Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланғандай, биыл Қазақстан аруы байқауының 25 жылдығына орай бірден үш қыз жеңімпаз деп танылды.
Қазылар алқасының шешімімен және көрермендердің таңдауымен Назерке Қарманова енді Қазақстан атынан "Әлем аруы" байқауында өнер көрсетеді.
Финалда Назерке Қармановадан бөлек, "Жер аруы" және "Әлем аруы" халықаралық байқауларында Қазақстан намысын қорғайтын тағы екі қыз таңдалды.
Сонымен, "Жер аруы" байқауына "Қарағанды аруы" Анна Глубоковская аттанады.
"Әлем аруы" байқауында еліміздің намысын елордалық бойжеткен Айдана Ахантаева қорғайды.
Айта кету керек, биыл "Қазақстан аруы" атағына облыстар мен ірі қалалардан жеңімпаз атанған 28 қыз өтініш білдірген.