“Қазақстан” арнасы Меруерт Түсіпбаеваның әнін эфирден қиып тастаған: Әнші пікір білдірді
“Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” телехикаясы турасында сын айтып, Баян Алагөзовамен араздасып қалғаннан кейін Меруерт Түсіпбаеваның басына қара бұлт үйірілді. Ұлттық арнадан көрсетілетін концертке қатысқан Түсіпбаева эфирден қиылып қалғанын айтып, шағымданды. Әншінің пайымынша, аталған жайт пен жарты жыл бұрын Баянмен болған кикілжіңнің арасында байланыс бар.
Бұл туралы Түсіпбаева Зарина Муслимнің “Сөккен әңгіме” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Оған телехикаяның Ұлттық арна тапсырысымен түсірілгені және арна басшылығында (сол уақытта) Баян Алагөзованың құрбысы Динара Сәтжанның отырғаны себеп болса керек-ті.
“Мені қиып тастады, ол рас. Мен білдім, өйткені өздеріңіз білесіздер, Мөлдір Әуелбекова апалы-сіңлілермен болған кикілжің туралы ашық айтқан болатын. “Мені қанша рет кесіп алып тастады, қанша рет концертке қатыстырмады. Мен жылап қоятынмын” деді. Мен соны оқығанда, мені енді Ұлттық арна көрсетпейді-ау деп ойладым”, – дейді Түсіпбаева.
Әншінің айтуынша, Ұлттық арна эфирінен көрсетілген концерттің ұйымдастырушылары басқа.
“Ол жеке адамның жасаған концерті, бірақ Ұлттық арнадан берілетін болды. Бардым. Құдайға шүкір, анам Төренің тұқымы. Анамнан берілген қасиет шығар, өзімді тыңдасам жаман болмаймын. Сол үшін ең соңғыға дейін осыған “бармасам қайтеді” деп бірнәрсе мені ұстады. Бірақ жалғыз емес, жанымдағы баламен дуэт айтатын болғандықтан, мен барамын деп шешім қабылдадым. Сонымен төртінші нөмір болып шығатын едік.
Мен Мөлдір Әуелбекова сияқты жылап, үндемей қалатын адам емеспін. Мен әлеуметтік желіге жаздым. Бес камера түсірсе, шығынды қайтарыңыздар. “Техникалық ақау болды, жазылған дауысты әкеп бересіңдер ме?” деп бір ауыз хабарласса болады ғой. Маған не Асылханға айтса болады ғой. Бұл деген озбырлық. Біздің елімізде болып жатқан нәрсе”, – деген Түсіпбаева Алагөзовамен болған дауға дейін мұндай жағдайды бастан кешпегенін айтты.
“Бұл сериалға дейін мені ешкім еш жерден кесіп тастамапты”, – дейді ол.
Тағы оқыңыз:
Әншілер отырса опақ, тұрса сопақ: Ерке Есмахан еңбегін еш еткендерге ренішін білдірді
Рахман Омар жаңа туған ұлын Мейрамбек Бесбаевтың құрметіне атады (видео)
Досымжан Таңатаров күйеуіне тоқал алып бермек болған Роза Әлқожаны қолдап шықты
Ең сұлу: Аша Матай мен Қарлығаш Мұхамеджанованы шаң қаптырған актриса кім