Қазақстан әлемдегі жанармай бағасы ең арзан елдердің қатарына енді

2026 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда АИ-95 бензинінің бағасы шамамен литріне 0,51 доллар. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен шамамен үш есе төмен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі GlobalPetrolPrices сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемдік рейтингте Қазақстан тоғызыншы орында және жанармай бағасы қолжетімді елдер қатарында тұр. Бұл топқа ресурсқа байлығы немесе субсидиялар арқылы жанармай бағасын төмен ұстайтын мемлекеттер кіреді: Ливия, Иран, Венесуэла, сондай-ақ Кувейт, Алжир, Түркменстан, Мысыр, Қатар, Сауд Арабиясы, Бахрейн және Оман.
Бұл елдердің кейбірі жанармай бағасын минималды деңгейде ұстайды, бұл әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар кей елдерде жанармай бағасын төмен ұстау үшін олардың экономикасы негізінен мұнай мен газ сияқты шикізатқа тәуелді болады. Егер шикізат бағасы құлдыраса, сол елдерде қиындық туады. Қазақстан бұл елдермен салыстырғанда тұрақтырақ көрінеді, бірақ бізде де бензин бағасын қалыптастыруда мемлекеттің шешімдері маңызды рөл атқарады. Яғни, бағаны нарық өзі емес, үкіметтің реттеуі де айтарлықтай әсер етеді.
Экономисттердің айтуынша, ресурстардың бағасын ұзақ уақыт бойы төмен ұстау кейде “тәуелділік” тәрізді мінез-құлық қалыптастырады. Төмен бензин бағасы бірқатар жүйелік әсерге әкеліп соғады, олар бірден байқалмайды:
- Біріншіден, бұл бюджетке және мұнай өңдеу секторына қысым жасайды. Төмен маржа модернизация мен инвестиция мүмкіндіктерін шектейді;
- Екіншіден, отын ішкі тұтыну көлемін арттырады. Бұл жолдардың жүктемесін, шығарындыларды көбейтеді және инфрақұрылымның тез тозуына себеп болады;
- Үшіншіден, көрші елдермен баға айырмашылығы пайда болады, бұл отынның заңды және заңсыз түрде елден шығарылуына итермелейді.
Ұзақ мерзімді перспективада мұндай факторлар экономиканың жалпы тиімділігін төмендетуі мүмкін және жанармай бағасында тікелей көрінбейтін қосымша шығынңа әкеп соғады.
Дамыған елдерде жағдай керісінше. Еуропа, Жапония және Оңтүстік Кореяда бензин бағасы айтарлықтай жоғары, көбіне литрі 3 доллардан асады.
Бұл мемлекеттердің саясатына байланысты: жоғары баға салықтар арқылы қалыптасады, ал сол салықтар инфрақұрылымды дамытуға, экологиялық жобаларға және қоғамдық көлікті жетілдіруге жұмсалады. Сондықтан рейтингті зерттеген талдаушылардың айтуынша, дамыған елдедің экономикасында жанармайдың қымбат болуы айтарлықтай мәселе емес, керісінше реттеу мен тұрақты даму құралы ретінде қарастырылады.
Қазақстан үшін жанармай бағасының төмен болуы әлі де маңызды әлеуметтік фактор. Осылайша логистика мен ауыл шаруашылығында бизнестің шығындары азаяды. Дегенмен, ел алдында саланың тиімділігін біртіндеп арттыру міндеті тұр. Бұл жанармайдың қолжетімділігі мен нарықтық механизмдер арасындағы тепе-теңдікті табуды қажет етеді.
“Қазіргі модельді қысқа мерзімде сақтау мүмкін, бірақ ұзақ мерзімде баға қалыптастыруда икемдірек тәсіл қажет. Қазір Қазақстан ең қолжетімді бензині бар елдер қатарында, бұл айтарлықтай экономикалық артықшылық. Мұның бәрі күрделі реттеу жүйесінің нәтижесі және негізгі міндет – бұл артықшылықты экономикалық тиімділіктің төмендеуіне әкелмейтіндей ету”, – дейді сарапшылар.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?