"Бұл махаббат мен үшін жұмбақ": Америкалық дирижер Қазақстанға деген шексіз махаббатын бөлісті

Танымал америкалық дирижер қазақ елін жақсы көретінін мойындап, қазақ музыкасын өзіне жіберілген үлкен сый деп қабылдайтынын айтты. Бұл туралы ол Абай атындағы опера және балет театрының 85 жылдығына арналған шарада бөлісті деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Суретте: шетелдік дирижер Дориан Уилсон

Абай атындағы опера және балет театрымен жұмыс істеп жүрген Дориан Уилсон театр әртістерімен жұмыс істеуден алған әсеріне тоқтала отырып, елімізге деген махаббатымен бөлісті. Ол қазақ елін тек музыкасы үшін емес, мәдениеті, табиғаты бар нәрсесі үшін жақсы көреді екен. 

"Қазақстанға қанша рет келгенімді санап жүріп, шатасып кеттім. Бәлкім, он бесінші немесе жиырмасыншы рет келіп тұрған шығармын. Қазақстан — менің әлемдегі ең сүйікті мекенімнің бірі. Бұл елге келген сайын құрметке бөленгенімді түсінемін, оның табиғатын, мәдениетін және осында айналамды қоршаған дүниенің барлығын жақсы көремін. Бұл махаббат мен үшін жұмбақ. Cіздің еліңізде, қалаңызда өткізген уақыттан, театр әртістерімен бірге жасаған жұмыстан ләззат аламын", — дейді атақты дирижер.

"Қазақ музыкасы маған берілген керемет сыйлардың бірі болды. Аспаптарда ойналған ән, қазақ тілінде шырқалған ән жүрегімді елжіретеді. Қазақ тілін түсінбесем де, қазақша әнді естігенде ерекше күйге бөленетінім рас. Ал қазақтың дәстүрлі музыкасы басқа елдердің дәстүрлі музыкасымен салыстыруға келмейді, керемет ", — дейді Дориан Уилсон. 

Қазақ музыкасы әлі де талай елді, талай тұлғаны тамсандырады деген сенімде өнерпаз. Айта кетсек, қазір Дориан Уилсон "Ромео мен Джульетта" балетіне дирижерлік етеді. 

Алматыда 29 мамырдан 2 маусымға дейін Абай атындағы опера және балет театрының 85 жылдығына орай опера және балет фестивалі өтеді. Өнер ордасы репертуарындағы үздік туындыларды өнер сүйер қауымның назарына ұсынады. Фестиваль күндері театр сахнасында Л. Хамидидің "Абай" операсы, С. Прокофьевтің "Ромео мен Джульеттасы",  Ж. Бизенің "Кармен" операсы, П. Чайковскийдің "Аққу көлі" балеті, барлығы жаңартылған қойылыммен көрсетіледі.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 85 мыңнан асты

COVID-19 коронавирусын жұқтыру жағдайының тіркелген саны 29 ақпан күні таңертеңгі жағдай бойынша 85 182 адамға жетт

Есік қаласының тұрғындары ішінде қоқыс, балдыр, құрт аралас су ішіп жүр

Тоқаев: Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері біртұтас халықты құрайды

Тоқаев Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай қақтығыстарға қатысты пікір білдірді.

Ғалымдар: 6 миллиард жылдан кейін Күн қартайып, айналасындағы астероидтарды жояды

"Сонда Күн Жердің көлеміндей болып кішірейеді",- дейді ғалымдар.

Ішкі істер министрлігі: Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды

Павлодарда өмір бойы сотталғандарға арналған колония сатылып жатыр

Оған республикалық бюджеттен шамамен 4 миллиард теңге жұмсалған, бірақ ғимарат аяқталмай қалған

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Сондай-ақ, шариғатта жұқпалы аурулардың жай көзге көрінбейтін зиянды күші барын, білінбей тарайтынын және аурудың етек алуын тоқтатуда карантин қажет екені атап айтылған.

Туған күнін моншада атап өтпек болған блогер әйелдің күйеуі мен екі қонағы көз жұмды

 Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Денесінде сау жері жоқ":  32 жастағы көкшетаулық ер адамды кафеде ұрып өлтірген

Туыстары 32 жастағы Әділ Теміртасовты жер қойнауына тапсырған.

АТФБанк AQR рәсімінен табысты өтті

АТФБанк ҚР Ұлттық Банкі бастамашылық жасаған AQR – банк активтерінің сапасын бағалау рәсімінің нәтижелері бойынша реттеушінің қорытынды есебін алды
Çàãðóçêà...