Қазақстан әлемдегі ішімдікке тәуелді елдердің қатарына кірді
Ерлер арасындағы ішімдікке тәуелділік бойынша Қазақстан 11-орынға шықты. Ал әйелдер жалпы 182 елдің ішінде 19-орында. Осылайша қазақстандық ерлердің алкогольге деген тәуелділігі 9,52%, әйелдерде 1,48% құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Рейтинг бойынша, Ресей, Венгрия және Литва ерлері ішімдік ішуден көш бастап тұр. Әйелдерге келсек, Аустралия, Ресей және Колумбия алдыңғы орында.
Айта кетейік, ТМД елдері арасында Ресейден бөлек, Беларусьтің де жағдайы мәз емес (ерлер арасында 6-орын). Ал Украина, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения мен Түркменістан бізден кейінгі орындарда.
Алкоголь өнімдерін өндіруге келсек, 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша, Қазақстанда арақ өндірісі бір жылда 60,3%-ға артты.
Коньяк өндірісі — на 6,3%-ға артса, шарап - 3,5%-ға, сыра — 2,5%-ға төмендеді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн