Қазақстан әлемдегі 50 бақытты елдің қатарына кірді
World Happiness Report рейтингінде Қазақстан тұрғындарының бақыт деңгейі бойынша үздік 50 елдің қатарына сенімді түрде енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: stolica58.ru
Рейтингтің бірінші орнын қатарынан сегізінші рет Финляндия иеленді. Сонымен қатар Дания, Исландия, Швеция және Нидерланды үздік бестіктен орын алды.
Бақыт деңгейі бойынша алғашқы 20 елдің қатарына Коста-Рика, Норвегия, Израиль, Люксембург, Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария, Бельгия, Ирландия, Литва, Аустрия, Канада, Словения және Чехия кірді.
Қазақстан 43-орынға жайғасты, осылайша Ресейді, Қырғызстанды, Тәжікстанды, Арменияны, Грузияны және Әзірбайжанды артта қалдырды. Украина 111-орынға ие болды.
Ең бақытсыз ел ретінде тағы да Ауғанстан аталды. Одан кейінгі орындарға Сьерра-Леоне мен Ливан жайғасты.
Бұл рейтинг алты негізгі көрсеткішке негізделіп жасалды:
- Жан басына шаққандағы ЖІӨ (ІЖӨ);
- Өмір сүру ұзақтығы;
- Жомарттық деңгейі;
- Әлеуметтік қолдау;
- Еркіндік;
- Маңызды өмірлік шешімдерді қабылдаудағы сыбайлас жемқорлықтың әсері.
Сонымен қатар ТМД елдерінен бірде-бір қала әлемнің үздік гастрономиялық қалаларының қатарына енген жоқ.
Еске салайық, былтыр Өзбекстан ТМД елдері арасында ең бақытты ел атанды, 47-орында. Қазақстан одан сәл артта қалып, 49-орынға тұрақтады. Өзбекстан рейтингте 55-орыннан 47-орынға көтерілсе, Қазақстан 44-орыннан 49-ға төмендеді.