Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әлемде интернет жылдамдығы бойынша 113 орынды иеленді

Интернет жылдамдығы тез мемлекеттер аталды. Олар: Тайвань, Cингапур, Джерси (Ла-Манш ағысындағы арал), Швеция және Дания. Бұл туралы WebsiteToolTeste компаниясының есеп беруінде жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

интернет

Сонымен қатар ондықтың құрамына Жапония, Люксембург, Нидерланд, Швейцария, Норвегия, Андорра, Испания, Бельгия, АҚШ, Латвия, Жаңа Зеландия, Эстония, Гонконг, Венгрия және Литва кірді.

Қазақстан 207 елдің ішінде 113 орынды иеленді. Оның алдында Бразилия, Бруней, Мьянма, Маврикий елдері бар. 

Қазақстанда бес гигабайт құрайтын видеоны интернеттен жүктеу үшін 2 сағат 26 минут, 25 секунд уақыт кетеді екен. Интернет жылдамдығы бойынша алдыңғы орында тұрған Тайваньда небәрі сегіз минут және екі секунд уақыт жетеді екен. 


Ғаламтор туралы қызықты 10 дерек

Талқылау