Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан 2029 жылы Қысқы Азия ойындарын қабылдайды

2029 lskФото:Getty Images

2029 жылы Қысқы Азия ойындары Қазақстанда өтетін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресми келісімшартқа 5 ақпанда Италияның Милан қаласында қол қою жоспарланып отыр. Бұны Азия Олимпиадалық кеңесіне (OCA) сілтеме жасап, Қытайдың "Синьхуа" ақпарат агенттігі хабарлады.

Айта кетейік, бастапқыда 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясы қабылдайды деп жоспарланған еді. Алайда қаңтар айында Сауд Арабиясының Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесінің бірлескен мәлімдемесінде турнирдің өткізілу мерзімі белгісіз уақытқа шегерілетінін хабарлаған.

Кейінірек белгілі болғандай, Сауд Арабиясындағы Неом қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары жоспардан кешігіп қалған. Осыған байланысты Сауд Арабиясы үкіметі Қысқы Азия ойындарының Неомда өтпейтінін ресми түрде мәлімдеді.

Осыдан кейін Азия Олимпиадалық кеңесі жаңа қабылдаушы ел мен қаланы анықтау мәселесін қайта қарады. Нәтижесінде құрлықтық спорт додасы төрт жылдан кейін еліміздің Алматы қаласы ірі халықаралық жарысты қабылдайтын болды.

Соңғы Қысқы Азия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өткен еді.

Бұл шешім Қазақстандағы қысқы спорт түрлерінің дамуына және Алматының халықаралық спорт аренасындағы беделін арттыруға оң әсер етеді деп күтілуде.

Бұған дейін Қысқы Азия ойындарын қабылдаған қалалар:

  • * 1986 –  Саппоро
  • * 1990 –  Саппоро
  • * 1996 –  Харбин
  • * 1999 –  Канвондо
  • * 2003 – Аомори
  • * 2007 – Чанчунь
  • * 2011 – Астана мен Алматы
  • * 2017 – Саппоро және Обихиро
  • * 2025 – Харбин
Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 03 Ақпан, 2026 12:12