Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан 2025 жылдан бастап Ауғанстанға көліктер жеткізбек

Қазақстан Ауғанстанға автокөліктерді 2025 жылдан бастап жеткізе бастауы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ауғанстаннан сұраныс бар екенін айтты.

"Ауған әріптестер бізден көлік жеткізуді сұрады. Кабул қала ретінде өте жақсы дамып келеді. Құрылыс жүріп жатыр, сауда жүріп жатыр. Ақшасы көп тап пайда болды, ал орта тап дамып келеді. Сондықтан біз кездесіп, ескі және жаңа көліктерімізді сатуға арналған автоорталықтарды ұйымдастыру мүмкіндігін сұрадық. Менің ойымша, келесі жылы біз шын мәнінде алғашқы көліктерді сатуды бастаймыз", – деді Жұманғарин үкімет брифингінде.



Вице-премьер бұл мәселені Қазақстандағы бірнеше жеткізушілермен талқылағанын, бірақ бірінші кезекте Ауғанстан тарапынан сенімді серіктес қажет екенін айтты. Сондай-ақ бизнестің бұл түрін ұйымдастыру үшін жеткізу жолдарын әзірлеу керек.

22 қазанда Алматыда екі ел өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Ауған бизнес форумы өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Ауғанстан жерінде пайдалы қазбалар өндіруге ниетті екенін мәлімдеді.

Талқылау