Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

парламент

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген өкім мәтінінде.

Бұған дейін, 30 маусымда, Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар демалысқа кетер алдында алтыншы шақырылымның бесінші сессиясын қорытындылады.

Айта кетейік, Қазақстан парламенті екі палатадан — мәжіліс пен сенаттан тұрады. Мәжіліс құрамына 107 депутат кіреді, сенат құрамына әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Нұр-Сұлтаннан екі адамнан кіреді. Сонымен қатар, президенті сенатқа қосымша 15 адамды тағайындайды.



Еске салайық, Қазақстанда сенат сайлауы 12 тамызда өтті. 17 бос орынға 46 адам үміткер болды.

Сайланған 17 депутаттың бесеуі - әйел, 12-сі - ер адам. Дауыс беру рәсімін және сайлау қорытындыларын шығаруды 242 жергілікті және бес халықаралық байқаушы қадағалады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 25 Тамыз, 2020 09:22
Талқылау