Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сөз тіркестері қалай дұрыс қолданылады?

Stan.kz Jusan-мен бірге жаңа танымдық бағдарламаның тұсауын кесті. "Қазақша үйрен" жобасында қазақ тілінің тілдік ерекшеліктері жайлы айтылып, белгілі бір тақырыпта қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріледі. Бағдарламаның бірінші көрсетілімінде журналист Айгүл Дәден өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретті. 

Жобаның негізгі мақсаты – қазақ тілін оңай және қызықты үйрену. Бағдарлама қазақ тілінің бай әрі күрделі сөздік қорын жеңіл түрде ұғынуға мүмкіндік беріп, күнделікті өмірде қолдану жолдарын үйретіп, пайдаңызға жарайды. 

Алғашқы серияда адам сырт келбетін сипаттау туралы сөз қозғалды. Бұл сіздің жақын адамдарыңызға жылы сөз айтып, олардың көңілін көтеруіңізге көмек береді. Сондай-ақ тек әдемі сөздерді ғана емес, құлаққа жағымды сөз тіркестерін біліп, олардың түпкі мағынасын біле аласыз. 

Қазақ тілінде ер адам мен әйел адамды сипаттауға арналған сөздер екі түрлі. Мәселен, бойжеткенге "тал шыбықтай" деген сөзді қолдансақ, бозбалаға "ірі денелі" деп айтамыз. Осылайша бұл серияда қыз бен жігітті сипаттауға арналған сөздерді дұрыс қолдану үйретіледі. 

Бұнымен қоса жобаның алғашқы санында Александр, Вероника, Анастасия есімді үш кейіпкер қазақ тілін үйренеді. Жүргізуші олармен кездесу кезінде жүргізуші Айгүл қазақ тіліндегі сөздер мен тұрақты тіркестерді түсіндіреді. Осылайша көрермен үш кейіпкердің қазақша үйренгенін көре отырып, өзі де қазақша сөйлей бастайтыны анық. 

Алғашқы бағдарламадағы "Фразеологизм" айдарында тұрақты тіркестердің қандай мағына беретінін Александрмен бірге үйреніп көрейік.

Александр: Кеше Ардаққа барсам, бауырсақты да, жайманы да сатып алыпты. 

Айгүл: "Ақсаусақ" десеңші. Бірақ қазір адамдардың уақыты жоқ.

Александр: Ол қалай?

Айгүл: "Ақсаусақ" деп қолынан іс келмейтін, бір нәрсе істеп өзін әуреге салғысы келмейтін адамды айтады. 

Александр: Сонда мұны ұлдарға да, қыздарға да айта ма?

Айгүл: Иә, бірақ тек қыздарға айтқан дұрыс.

Жүргізуші әрі қарай сабақты жалғастырып, тақырыпқа қатысты фразеологизмдермен таныстырады:

"Қас пен көздің арасында" немесе "Көзді ашып жұмғанша" – тез, жылдам;

"Маңдайға жазған тағдыр" – құдайдың берген сынағы, қуанышты сәттер;

"Маңдайлы бол", "Маңдайың ашық болсын" – бақытты бол;

"Бес саусақтай білу" – жатқа білу, жетік білу;

"Қол ұшын беру" – біреу құласа, тура мағынада қол ұшын беру, ауыспалы мағынада көмектесу;

"Өкпесі қара қазандай" –  өте ренжулі адам, себебі адам қатты ашуланса, өкпе тұсы ауырады.

"Қазақша үйрен" бағдарламасын Stan.kz Youtube-арнасынан көре аласыз!

Талқылау