"Қазақша сөйлегісі келмейді": Бүркіт әйелінің қазақ тіліне қатысты көзқарасын айтты
Танымал әнші Бүркіт әйелі Аишаның қазақ тілін түсінгенімен, сөйлегісі келмейтінін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото жеке парақшадан алынды
Өнер иесінің айтуынша, шаңырақ көтергендеріне 14 жыл болған.
“Үнемі тіл туралы сұрақ алдымыздан шығады. Бұл жерде өзім әлсіз болып тұрмын. 10 жылдан асты, бірге келе жатырмыз. Қазақша түсінеді, бірақ сөйлегісі келмейді. Бір жылдан бері ата-анамызды қолымызға алдық. Олар таза қазақша сөйлейді. Балалардың да тілі қазақша шықты. Аиша қазақ тілін балаларынан үйреніп жүр. Кейде әкем орысша сөйлеп қояды. Сондай кезде тыйып тастаймын. Бірақ Аишаның өзіне қысым көрсетіп, талап етпеймін", – деді Бүркіт.
-
"Осындай жар сыйлағаныңызға рақмет": Бүркіт әйелінің анасына көлік сыйлады
-
"Ене сіздей-ақ болсын!": Әнші Бүркіттің анасы келіні Аишаға өлең арнады
Сондай-ақ өнер иесі әйелі екеуінің қызығушылықтарының екі түрлі екенін айтып берді.
“Бірге ән айтып, бірге қыдырамыз. Біздің басқа ортақ қызығып айналысатын дүниеміз жоқ. Екеуміз екі әлемнің адамдарымыз. Оның хоббилерін мен ұнатпаймын. Ол менің сүйікті ісімді сынап отырады. Мысалы, мен көлік жинағанды жақсы көремін. Оған қандай көлік мінсең де, бәрібір. Маған медитация туралы айтады. Индия сияқты елдердің мәдениетін зерттейді. Ол маған мүлдем ұнамайды”, – деп “Сырласу” бағдарламасында ағынан жарылды әнші.
Еске салайық, Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталған еді.