Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақпын деп жылаған қыз анасының сынағынан сүрінбей өтті (видео)

Төрт жас шамасындағы қызды  әйел адам видеоға түсіре отырып, оның белаусь екенін түсіндіреді. Бірақ қыз онымен келіспей қазақпын деп жылап жібереді.

қазақ

“сенің әкең беларусь, атаң беларусь, Даша да беларусь ендеше сен де беларусьсің. Айттым болды сен беларусь қызысың”,-дейді келіншек қызға. Осы сөзді естіген бүлдіршін жылап отырып “мен қазақпын” деп жауап береді.

 


Өзін қазақпын деп жылаған қызға әйел “қазақ болсаң қазақ тілінде сөйлеші” дейді.
-Помидордың қазақшасы қалай болады?
– қызанақ
-Огурец ше
-қияр
-лук ше?
-пияз
-яблока?
-алма
-груша?
-алмұрт
-Жарайды қазақсың, қазақсың жылама
Осыдан кейін жылап отырған қыз жымиып күліп, әрі қарай ойнап кетеді.
Мұны көрген желі қолданушылары қыздың қазақша сөйлегеніне, білгеніне риза болғандарын жарыса жазған.

Оқи отырыңыз:

Әнші Қуандық Рахым «екінші Лұқпан» ағасын тауып алды

Әнші Қуандық Рахым он күнде 20 концерт бермек

Қуандық Рахым: Гауһар екеуміз бірге ән салмай тұрып бір-бірімізге өлердей ғашық болдық

Халық үнемі жартылай жалаңаш киінетін Олжас Сүлейменовтің қызын сынады(фото)

Талқылау