Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақмыс" жасанды интеллект арқылы кен орындарын дәлірек модельдеуге көшті

қазақмысФото: “Қазақмыс” корпорациясы

"Қазақмыс" компаниясы геологиялық барлау және кен өндіру саласына жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын белсенді енгізіп келеді. 2025 жылдың мамыр айында іске қосылған Grade Copilot модулі бар заманауи Micromine Advance жүйесі кен орындарын бұрынғыдан да жылдам әрі дәл модельдеуге мүмкіндік береді.

Жаңа технология өндіріс тиімділігін арттырып, деректердің нақтылығын қамтамасыз етеді.

Бұл бастама мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған цифрландыру бағытын жүзеге асырудың нақты көрінісі. Президент жасанды интеллектінің "қуатты, әділ және қауіпсіз Қазақстан құруға зор мүмкіндік беретінін" атап өткен еді. "Қазақмыс" осы идеяны өндіріс үдерісінде сәтті іске асырып, цифрлық дамудың үлгісін көрсетіп отыр.

Ташкентте өткен Micromine пайдаланушыларының VIII Орталық Азия конференциясында "Қазақмыс" компаниясының өкілдері жаңадан енгізілген жүйенің алғашқы нәтижелерін бөлісті.

Фото: “Қазақмыс” корпорациясы

Геологиялық барлау департаментінің директоры Бекасыл Аукешев Ұлыбританиядан келген Weir Group Digital дивизионының президенті Кристен Уолшпен және АҚШ-тан келген халықаралық сату жетекшісі Грег Слэйтермен келіссөздер жүргізді. Тараптар бағдарламалық шешімдерді жетілдіру, жасанды интеллект құралдарын кеңейту және қазақстандық мамандардың кәсіби даярлығын арттыру бағыттарын талқылады.

Қазір компанияда геологиялық деректерді, соның ішінде өткен жылдардың мұрағаттық материалдарын толық цифрландыру процесі жүріп жатыр. Геоақпаратты сақтаудың бірыңғай корпоративтік стандарты қалыптасып жатыр. Ал Micromine бағдарламалық өнімдері барлау кезеңінен бастап өндірісті жоспарлауға дейінгі барлық жұмыс сатыларында табысты қолданылады.

Фото: “Қазақмыс” корпорациясы

2025 жылдың соңына дейін "Қазақмыс" компаниясы Micromine Advance және Alastri жүйелерінің жаңа модульдерін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл қадам өндірістік үдерістердің толық цифрлық интеграциясына жол ашады.

4 (6)

Фото: “Қазақмыс” корпорациясы

Ташкенттегі конференция барысында геолог Жан Шомытов Жаман-Айбат кен орны бойынша жүргізген зерттеу нәтижелерін ұсынды. Micromine бағдарламасының көмегімен мамандар мыстың минералдануы мен тектоникалық бұзылыстар арасындағы байланысты анықтап, геологиялық құрылымдарды талдауда жасанды интеллекттің тиімділігін дәлелдеді.

Фото: “Қазақмыс” корпорациясы

Бүгінде "Қазақмыс" құрамында Micromine бағдарламасын 400-ден астам маман пайдаланады. Компанияда 300-ге жуық лицензия және 1400-ден аса модуль бар. Геологиялық деректердің 90%-дан көбі цифрлық форматқа көшірілген. Сонымен қатар 500-ден астам қызметкер арнайы оқудан өтіп, олардың көпшілігі халықаралық сертификаттарға ие болды.

Фото: “Қазақмыс” корпорациясы

Осылайша "Қазақмыс" Қазақстанның тау-кен өндірісін цифрландыру саласындағы көшбасшы компания ретінде өз позициясын нығайтып, Мемлекет басшысы белгілеген жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды өнеркәсіпке енгізу міндетін табысты жүзеге асырып келеді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 13 Қазан, 2025 17:02
Талқылау