Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақмыс" өзі орналасқан қалалардың халқы үшін COVID-19 медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырады

Қазақмыс өзі орналасқан қалалардың халқы үшін COVID-19 диагностикалау және емдеу бойынша медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырады.Соңғы екі аптада елімізде Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларының тұрғындарына да өз әсерін тигізген маңызды эпидемиологиялық жағдай орын алды. Короновирустық инфекция пайда болған сәттен бастап компания кәсіпорындарында ескерту шаралары қабылданды, алайда аурудың таралу жылдамдығы халықтың барлық топтарына жаппай тарай бастады.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы облыстың денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оның ішінде шамамен 3 миллиард теңге  Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларына бөлінді. Аталған іс-шаралар жоспарының аясында Қазақмыс корпорациясымен бірлесіп COVID-19-ға қарсы күресуде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумда денсаулық сақтау объектілерін толық жабдықтау, атап айтқанда, үш қаланың денсаулық сақтау объектілерінің емдеу қоры үшін қосымша медициналық жабдықтар мен дәрілік препараттарды сатып алу, амбулаториялық медицина қызметкерлерінің тәулік бойы қозғалысын қамтамасыз ету үшін көлікті ұйымдастыру және т. б. шараларды орындау бөлігінде жалпы сомасы шамамен 1,0 миллиард теңгеге «Қазақмыстың» қатысуы қарастырылған.

Меморандум іс-шараларын жүзеге асыру аясында жақын арада Қарағанды облысы үшін 1200 дана оттегі концентраторларын жеткізу күтілуде, оның ішінде 200-ден астамы Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш ауруханаларына бөлінеді. Аталған қалалар үшін Корпорация 10 өкпені жасанды желдету аппаратын, 3 виброакустикалық аппаратты сатып алады, күзге қарай қалалардың стационарларында 3 медициналық газдар (оттегі) бөлу жүйесі орнатылатын болады. Сондай-ақ компания а. ж. 08 шілдесінде жиынтықталған және ашылған Жезқазған Университетінің жатақханасы базасында 250 төсек-орынға арналған инфекциялық госпитальді техникалық жарақтандыруға қаражат бөлді. Аталған жабдықтармен қоса үш қаланың әрқайсысына бір-бірден 3 компьютерлік томограф (КТ) жеткізілетін болады.

Меморандум аталған іс-шаралармен шектелмеген. «Қазақмыс» КВИ-мен күресуде қажеттілікті анықтау және оны толықтыру бойынша денсаулық органдарымен одан әрі бірлесе жұмыс жасауды және халыққа жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беруді жоспарлап отыр.

«Бүгінгі күнде біз бір-бірімізге қамқорлық көрсете отырып, бірге болуымыз маңызды. Сондықтан да біз қатысу аймақтарындағы халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ықтимал шараларды қабылдаймыз. Біз медицина саласындағы өзіміздің қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілігіне сенімдіміз және күш-жігерімізді біріктіріп, бірлесе отырып, осы қиын кезеңді сөзсіз жеңеміз», - деп компания басшылығы атап өтті.

#Kazakhmysbirgemyz #Kazakhmys4life

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр