Қазақмыс кенішінде жұмысшы қаза тапты
Шығыс Жезқазған кенішіндегі "Анненская" шахтасында бір жұмысшы қаза болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Depositphotos.com
"Қазақмыс" кәсіпорнының мәліметінше, оқиға Шығыс-Жезқазған кенішінің Анненская кенішінде болды. Марқұм 40 жаста, 5-разрядты ұсақтағыш операторы жұмысын атқарған.
"Қазақмыс" компаниялар тобы "Анненская" шахтасында, Шығыс-Жезқазған кенішінде орын алған қайғылы оқиға туралы терең өкінішпен хабарлайды. "Қазақмыс" басшылығы мен ұжымы марқұмның жақындары мен туыстарына шынайы көңіл айтады. Оның отбасына ұжымдық келісімшартта қарастырылған барлық қажетті көмек пен төлемдер, соның ішінде жерлеу шығындары өтеледі," – деп хабарлайды "Қазақмыс" баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде.
Жұмысшы қазасының мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылыпты.
Қостанай облысында екі жұмысшының өліміне кінәлі құрылыс компаниясының басшысы сотталды
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапқанын жазған едік. Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" АҚ АҚ кенді дайындау және байыту цехында апат болды. Жұмысшы вогандаударғышты жөндеу кезінде дене жарақатын алған.