Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазаққа күйеу бала болған сириялық азаматтың отбасы Алматыда тұрып жатыр

Ақтөбедегі лаңкестерді жиһадқа шақырған Сирия уағызшылары мен террористері мәселесі бүкіл әлемді әлі ойландырып отыр. Қазаққа күйеу бала болған сириялық азаматтың отбасы Алматыда тұрып жатыр екен.

здж

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Астанада осыған орай, бір аптадан кейін өтуі көзделіп отырған кездесуге дайындық жүріп жатыр. Оған негізгі қос оппонент сириялық билік пен оппозиция өкілдері, сондай-ақ Ресей, Түркия, Иран мен БҰҰ-ның мүшелері қатысады деп жоспарлануда. Десе де елдестіруші ұстанымын жариялап отырған елімізде отағасы Сирияда, ал жары Қазақстанда қалып, соғыс кесірінен 5 жылдан бері қосыла алмай жүрген отбасылар бар екен.

Бұл үлкен отбасының отағасы Махмұд Эльшамааның Сириядан әйелі мен балаларына жіберген сәлемдемесі. Марра қаласында еш алаңсыз өмір сүріп жатқан бақытты отбасының бейбіт тіршілігіне соғыс араласып, жұбайларды екіге айырады. 5 жылдан бері күйеуінің жүзін көрмеген Мәдина Жолдыбекова Сыртқы істер министрлігі, көші-қон полициясы мен елшіліктің табалдырығын тоздырса да, жолдасын Қазақстанға көшіріп алып келудің жолын таба алмапты.

“Мен көмек сұрап Бірікккен ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі басқармасына да бардым. Олар “егер неке Алматыда тіркелсе, оған босқын мәртебесі берілмейді” деп, мені кері қайтарды. Қазақстанға виза алу үшін алдымен мен Сирияға шақыру хат жолдауым керек. Ал бұл құжатты қабылдайтын Дамаскта орналасқан консулдықтың күл талқаны шыққан. Күйеуімнің құжаттары да жоқ. Үйіміз қирап, барлығы жермен-жексен болды”, – дейді тұрғын Мәдина Жолдыбекова.

нр

Аралас некеде туған 4 баланың үлкені 18 жаста, ал кішісі 9-ға енді толды. Көз жанарынан айрылған сіңлісі, отбасылы әпкесі барлығы бірге тарылып нағашы атасы мен апасының үйін паналап отыр. Ал Сириядағы үйдің тас-талқаны шыққан. Соғыс салдарынан мүлкіміздің барлығынан айырылдық -дейді келіншек. Ал отбасымен біріге алмай жүрген Махмұд жақындарымен ғаламтор арқылы ғана сөйлеседі екен.

“Нағашы атасы мен әжесі басқаша болып кетсе, әкелері келе алмай қалса, бұны бүткіл бір елге сондай қамқорлық көрсетіп отырғанда, өзінің 4 жиеніне қамқор бола алмай ма -деген ойменен осы мәселені көтеріп отырмыз біз. Әйтпесе біздің қазақ басқаға жақсылыққа үлкен, ал өзіміздің мәселелеріміз ылғи артта қалады”, – дейді тұрғын Зәуре Нұрмұханбетова.

Ал жақын күндері Астанада Сириядағы шиеленістерді реттеуге бағытталған келіссөздер жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Оған “Астана процесі” деген ресми атау да берілді. Бұл кездесуде Сирияға соғысқа аттанған 300 қазақ мәселесі, лаңкестікпен күрес тақырыптары да талқыланып қалуы мүмкін. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров аталмыш кездесуге АҚШ-тың жаңа әкімшілігін де шақыратынын құлақ қағыс етті. Алайда Мәдина мен оның отбасының тағдыры дәл осындай үлкен жиындардың көлеңкесінде қалып қоюы ықтимал.


Жіберіп алмаңыздар:

Жұмыс орнында бір-бірімен жұдырықтасқан лауазымды тұлғалар жұмыстан кетті

Алматылықтар тұрғын үйге кіре берістерін қанатты сөздермен көркемдеуде

Италиялық архиепископ: Біз бәріміз 10 жылдан соң мұсылман боламыз

BBC телеарнасы Шымкент туралы эпизод көрсетпек

Талқылау