Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақы тазы кімге тиесілі: Сот патентті меншіктеп алған монополистке қатысты шешім шығарды

Фото: ЖИ

Апелляциялық сот "Қазақы тазы" ит тұқымына қатысты патентті жеке тұлғаға беру ісі бойынша соңғы шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы патенттің жарамсыз деп танылуы туралы іс бойынша апелляциялық шағымды қарады.

“2024 жылдың 30 желтоқсанында Зияткерлік меншік институты жауапкерге "Қазақтың тазы ит тұқымы" селекциялық жетістігіне патент берген. Алайда сот ісін қарау барысында патент беру кезінде патентке қабілеттіліктің маңызды шарттарын бұзу фактілері анықталды. Тазы тұқымы – қазақтың көне ит тұқымы және бұған дейін Қазақстан Республикасына халықаралық деңгейде тіркелген”, – деп мәлімдеді Астана соты.

Сот 2023 жылы Кинологтар одағының өтініші негізінде жүргізілген зерттеудің (соның ішінде медициналық, генетикалық) нәтижелері бойынша FCI Халықаралық кинологиялық федерация оң қорытынды шығарып, оның негізінде FCI-дің Бас Комитеті "Қазақтың тазы тұқымын" тану туралы шешім қабылдап, Қазақстан Республикасын оның шыққан елі ретінде ресми түрде бекіткенін атап өтті.

“Қазақ тазысы” жаңа тұқым емес, себебі ол жаңа нәрселердің шарттарына сай келмейді. Сонымен қатар жауапкерге дербес ежелгі қазақ тұқымы ретінде патент берілмес бұрын заңды түрде бекітілген. Алынған патент жауапкерге осы тұқымды иттерді (күшіктерді) өндіруге, өсіруге және сатуға, асыл тұқымды материалды экспорттауға және импорттауға айрықша құқық береді және республика бойынша басқа ит иелері мен өсірушілерге қатысты мұндай құқықтарды шектейді. Ал бұл шектеулер иттердің дамуы мен танымал болуын қиындатып, еркін қолжетімділікті шектейді. Бұл ұлттық мүддеге қайшы келеді және генетикалық қордың сақталуына қауіп төндіреді”, – делінген хабарламада.


Экология министрлігі аңшылардан тазы тұқымына берілген патентті сот арқылы қайтарып алды


Елисей сарайында Тоқаев пен Макрон қазақ тазыларымен бірге серуендеді


Аталған шектеулер "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңның нормаларына тікелей қайшы келеді. Себебі Заңға сай қазақы ит тұқымын сақтау және өсімін молайту мемлекет бақылауында.

“Сот шешімімен патентті жарамсыз деп тану туралы талап қою қанағаттандырылды. Сот шешімімен келіспей, жауапкер оған апелляциялық шағым түсірді. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың қорытындыларымен келісті, өйткені шешім заңды және негізделген”, – деп мәлімдеді сот.

Сот актілері заңды күшіне енді. 

Айым Болатқызы
Жұма, 30 Мамыр, 2025 10:49
Талқылау