Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақы болғаны соншалық, мүшесіне де тақия киіп алған": Журналист Асхат Ниязов әзілі үшін сынның астында қалды

Руслан Тай мен Асхат НиязовФото: Видеодан скрин / Руслан Тай мен Асхат Ниязов

You-Tube платформасындағы "Прожарка Каны Бейсекеева" подкасында журналист Асхат Ниязов әзілкеш Руслан Тай туралы әзілдеп, сынның астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Подкастқа келген қонақтар кешті қыздыру мақсатында, бір-біріне әзіл арнайды. Алайда қазақстандықтар журналист Асхат Ниязовтың әзілін орынсыз деп атап сынға алды.

Русланның (Руслан Тай) қазақы болғаны соншалық, ол мүшесіне де тақия киіп алған", – деді Асхат Ниязов. 

Журналист Диас Нұрақын Асхат Ниязовтың бұл сөзін сынап, қазақтың тақиясына қатысты әзілдегеніне наразы болған. 

"Асеке астанавись, тым қатты кетіп бара жатырсың. Қазақтың тақиясын әзілге тығып не көрінді саған? Күлдіремін деп бүлдіріп алдың бәрін. Әкімдердің қыр соңынан қалмай сұхбат алып, репортаж жасайтын Асхат Ниязов деген журналистің не айтып отырғанын қараңыздар. Қазақы тақияны қағытпасына қосып, қорлап отыр. Ресейде туып, орыстардың ортасында өскен жігіт. Өресі қазақылықты әлі қабылдамапты. Қазақтың ұлттық киімдерін, салт-дәстүрін сыйламасаң, “Обожаю” деп кімге немесе нені айтып жүрсің?" – деді Диас Нұрақын. 

Нұрақынның бұл жазбасына пікір жазғандардың дені оны қолдаған.>

Руслан Кенжебаев та журналист Асхат Ниязовтың әзілі күлкілі емес екенін және ұят қылық жасағанын айтады.

"Тақияны әзілдеп, соны “қалжың” деп көрсетіп отыр. Осындайларды "невтемщик" десе жарасады, бәріне күледі, бірақ ештеңені түсінбейді. Күлкі болсын деп, өз мәдениетіңді қорлау, ол еркіндік емес, рухани кедейліктің белгісі. Кім қазақ отбасында өскен болса, біледі, дәстүрмен, қасиетпен ойнауға болмайды. Әзіл мәдениетпен айтылса жарасымды, ал мәдениетсіздікті күлкіге айналдырсаң, ол енді өнер емес, ұят", – деді Руслан Кенжебаев.

Сонымен қатар блогер Мұрат Даниярдың да "Қаңтар" туралы айтқан әзілі де дауға ұласты.

"Алматының кейбір тұрғындары үшін қасіретті "Қаңтар" оқиғасы әзіл тақырыбына айналған сияқты. Ал шын мәнінде, ол кезде 238 отандасымыз қаза тауып, тәртіпсіздіктерден келген шығын 100 миллиард теңгеден асты. Сондай-ақ екі мыңнан астам бизнес нысаны зардап шекті", – деп жазды тағы бір оқырман.


Алматыда құлағы нашар еститін таксисті мазақ қылған блогер полицияға жеткізілді


"Жігіттердің аяқ-қолын ұстаған": Қытайда пранк түсіргені үшін басы бәлеге қалған блогер енді Өзбекстанда көзге түсті (видео)


Еске салайық, бұған дейін желіде қазақстандықтардың ар-намысына тиетін жазба қалдырған қарағандылық кәсіпкер Алика Мұхамадиева екі айға қамауға алынғаны туралы жазған едік. Оның ұсталуына "Қазақстан несімен танымал?" деген сауалға "мамбетами" деп жауап беруі себеп болған. Сондай-ақ ол қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді мазақ етіп, мемлекеттік тілді "полукалбитский диалог" деп келемеждеген. 

Қарағанды облыстық полиция департаменті қызға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы, 1-бөлігі "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бойынша іс қозғалғанын растады. Бұл бап бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Полицияның хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу аясында күдікті елден кетпек болған. Кейін оның екі айға қамалғаны белгілі болды. Алғашқы сот отырысында Алика Мұхамадиева ісі үшін ұялатынын айтты.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 20 Қазан, 2025 12:28
Талқылау