"Kazakh Tourism" компаниясының "Сапа белгісі" бағдарламасы Қазақстандағы туристік қызметтердің сапасын нығайтады
2023 жылдың 10-15 тамыз аралығында Алматы және Түркістан қалаларында, сондай-ақ Алакөл көлінің жағалауындағы Қабанбай ауылында "Туристік тәжірибені стандарттау және сапасын арттыру" тақырыбында оқыту семинарлары өтті.
"Сапа белгісі" бағдарламасы аясында Kazakh Tourism ұйымдастырған бұл семинарлардың мақсаты – туризм саласындағы кәсіпкерлер көрсететін қызметтерді жетілдіруге және жоғары стандарттарды сақтауға ынталандыру. Нәтижесінде бұл халықаралық және ішкі туристерді тартуды қамтамасыз етеді.
Еліміз бірегей табиғат пен бай мәдени мұраға ие болғандықтан, Қазақстанның туризм индустриясы әлемдік аренада өзінің мәртебесін нығайтуға ұмтылады. Сол себепті Kazakh Tourism ұлттық компаниясының "Сапа белгісі" бағдарламасы осы өршіл мақсатқа жетудің құралы болып отыр.
Осы бастама аясында ұйымдастырылған оқыту семинарларына қонақ үй және мейрамхана бизнесі, туроператорлар, гидтер және экскурсоводтар сияқты туризм индустриясының әртүрлі салаларың 80-нен астам өкілдері қатысты. Іс-шаралар қоғамдық тамақтану және орналастыру орындары стандарттарын, туристік және экскурсиялық қызметтерді ұсыну сапасын қоса алғанда, көптеген тақырыптарды қамтыды.
Алматы қаласында өткен семинар аясында гидтерге арналған цифрландыру модулін таныстыруға ерекше назар аударылды. Бұл инновациялық модуль гидтердің кәсіби қызметін тиімдірек бақылау мен қолдауды қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар гидтердің қызметін реттеу мәселелерін белсенді талқылап, өз сұрақтарына тиісті жауаптар алды.
Туризм саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы туристердің одан алатын әсеріне және олардың еліміз туралы жалпы пікір қалыптастыруына тікелей ықпал етеді. Жоғары стандарттар ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды орнатуға және Қазақстанның туристік дестинация ретіндегі беделін жақсартуға септігін тигізіп, елімізде саяхаттайтын туристердің жайлылығын, қауіпсіздігін және сервиске көңілі толуын қамтамасыз етеді.
Ал "Сапа белгісін" алған кәсіпорындар Kazakh Tourism ресми ресурстарында ілгерілету мүмкіндігі сияқты маңызды артықшылыққа ие болады. Бұл – бағдарламаға қатысушыларға кеңінен танымал болуға және әлеуетті туристердің назарын өзіне аударуға мүмкіндік береді. Болашақта "Сапа белгісі" бағдарламасына қатысушыларға одан басқа артықшылықтар бере отырып, ынталандыру құралдары кеңейтілмек.
"Сапа белгісі" бағдарламасы туристік кәсіпорындарға өзінің стандарттары мен көрсетілетін қызметтерін жетілдіріп, сапаға және клиенттерге қамқорлыққа деген адалдығын көрсетуге мүмкіндік береді. Алматыда, Түркістанда және Алакөл жағалауында өткізілген семинарлар еліміздің туризм индустриясын дамытудағы ұзақ жолдың бастамасы ғана. "Сапа белгісі" бағдарламасы Қазақстанда тартымды, жауапты және жоғары сапалы туристік бағытты қалыптастыру үшін қуатты серпін бермек.
Айта кетсек, "Сапа белгісі" бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау әлі жалғасып жатыр. Тілек білдірушілер толығырақ ақпарат алу үшін бағдарламаның веб-сайтына https://tourismonline.kz/quality-mark кіріп, қатысуға өтінішінтерін жібере алады.
Барлық мүдделі тараптардың табандылығы мен белсенді қатысуын ескерсек, Қазақстан жаһандық картада уақыт өте келе қонақжай әрі сапалы туристік дестинацияға айналып, алға ілгерілей түсетіні сөзсіз. "Сапа белгісі" бағдарламасы – сапаны арттыру уәдесі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда туризм саласын ұзақ мерзімді дамытуға бағытталған стратегиялық бастама.