"Қазақалтын" шахтасында тас құлап, бір жұмысшы көз жұмды
"Қазақалтын" шахтасында тас құлап, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға "Қазақалтын" ТМК-де, Бестөбе кенішінде, Ақмола облысының Степногорск қаласының маңындағы "Новая" шахтасында болған.
"17 қазанда түстен кейін өндірістік жұмыстар кезінде тастың құлауы орын алды. Нәтижесінде кәсіпорынның 1987 жылы туған байланыстырушысы қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық ТЖД.
"Құлау сағат 12.30-да болды, оқиға орнында Қазақалтын МҚК құтқарушылар отряды жұмыс істеді, олар жарақат алғандарды медициналық қызметкерлерге тапсырды. Ер адам ауыр жарақаттар алып, Степногорск қалалық ауруханасында қайтыс болды. Шахта штаттық режимде жұмыс істейді", - деді степногорск қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Еркебұлан Есенжолов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”