Қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан Малайзия премьер-министрінің қызы ұл туды (фото)
Қазақстан Республикасының тумасы Данияр Кесікбаев пен Малайзия премьерінің қызы Нуриана Наджва ата-ана атанды.
Фото: english.astroawani.com
Бұл туралы malaysiakini.com хабарлайды.
Қуанышты жаңалықты Малайзияның үкімет басшысы Наджиб Разак Твиттердегі парақшасында да бөлісті.
“Менің немерем Адам Разак! Аллаға шүкір, Джина мен сәбидің жағдайы жақсы”, – деп жазады саясаткер.
Еске салсақ, Нуриана Данияр Кесікбаевқа 2015 жылы сән-салтанатымен ұзатылып, той екі аптаға созылған болатын. Олар АҚШ-та оқып жүрген кезде танысқан. Кесікбаев Нью-Йорктегі Колумбия университетінде білім алған. Ал Нуриана Наджва Вашингтондағы Джорджтаун университетінің түлегі.
БАҚ таратқан ақпаратқа сүйенсек, Данияр Кесікбаев Майра Құрманғалиеваның бірінші некесінен туған ұлы. Ал Құрманғалиева – Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі.
Оқи отырыңыз:
Есімов елбасыға ЭКСПО аяқталған соң нысандарды қалай пайдалануға болатынын айтты
Халқы танымайтын парламентте қартайған депутаттардың тізімі шықты
Елбасы: Орыс тілділер үшін кириллица қолданыста қала бермек
Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды