Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ эстрадасының жұлдыздары мағынасыз әндерді айтуының себебін түсіндірді

Бүгінде мәні, мағынасы түсініксіз әндер көп. Әнші Бейбіт Қошқалиев бұндай әндерді «ғұмыры ұзаққа бармайтын» уақытша әнге теңейді. Қазақ эстрадасында неге мағынасыз әндер көбейгенін әншілердің өзі түсіндірді.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бейбіттің «Лаула» атты әні бар. Бірақ та, көпшілікке лауладан гөрі «битіп, битіп, битіп биле» деген қайырма сөзі ұнаған сыңайлы. Себебі, ютуб желісіне жүктелгеніне 3-ай өтер өтпесте қолданушылардың басым бөлігі өздерінше би билеп шығыпты.

Дегенмен, Бейбіт өзі бұл әнге әлі бейнебаян шығарып үлгермепті.    

“Ерболат Қарақойшы деген ақын жігіт, «Аяқты қимылдат» деген ән екеуін құрастырып бір нәрсе жасады.Қызығы сондай бір ерекшелігі бар. «Битіп биле» деген Назаров Қуаныш деген жігіт бар,  Ақтаулық соның сөзі. Ұрлап алдым”, – дейді әнші Бейбіт Қошқалиев.

Сөздің қадірін түсінетін ақын Болат Жетекбай әннің сөзіне аса мән бермейтін, абыройдан гөрі құлқынды көбірек ойлайтын әншілерді сынап тастады.

“Әншілердің өзінің таңдауы әннің сөздері сол адамдардың өздеріне лайық сияқты. Және бұл әншілер белгілі бір мақсатпенен бұл әндерді шығарады. Негізінде той-бизнес. Жұртты билету керек”, – дейді ақын..

Бейбіт соңғы шыққан «Аяқты қимылдат» пен «Лаула» әні тек той үшін халықты орнынан тұрғызып билету үшін жазылғанын мойындайды. Тіпті, сол әндерді айтуға еш ұялмайтынын жеткізді.

“Не үшін ұялуым керек? Халықты кейде түсінбей қаласың. Нан тауып жатырмыз. Тойға шақырады.Басқа ризық көзі жоқ”, – дейді әнші Бейбіт Қошқалиев.

Әнші Талғат Кенжеболатовтың (Кентал) орындауындағы «Құдағи» әнін тыңдаған халық ғаламторда түрлі пікірлер қалдырған.

Ахан Отыншиев «Шудың бойында» әнімен бір жылдың ішінде той әншісіне айналды. Бұл жас әншінің мақсаты халықты тойда билету.

“Бір тойда 7 рет айтқызған болды. Басқа әнді қаламайды. Тек осы Шудың бойында әнін ғана сұратты”, – дейді Отыншиев.

Халықтың сұранысына ие болғаны соншалықты қазір Ахан «Шудың бойында 2,3,4» деген ән жаздырып қойған.

“Басқа әндерім бар. Тура осындай сұранысқа ие болмады”, – дейді ол.

“Қыз балаға сен қорқақсың деген дөрекі. Ешқашан айтуға болмайды. Қай жерден көрдің қызға сен қорқақсың деп айтқанды”, – дейді ақын Жетекбай.

Әнші Нұрболат Абдуллин «Сен қорқақсың» әнін жарыққа шығармас бұрын қатты ойланыпты. Халықтың сынына ұшыраймын ба деп бақандай екі ай бойы жасырып келген.

“Атауын қойып, клип түсіріп. Екі ай бойы ойланып жүрдім. Шығарайын ба, шығармайын ба? Халық қалай қабылдайды. Атауы «Сен қорқақсың». Екі айдан кейін неде болса тәуекелге бел байлап жарыққа шығардым. Түріктің әні бұл негізі. Мен кавер нұсқасын орындадым”, – дейді Нұрболат Абдуллин.

Хит әні арқылы сұранысқа ие болған Нұрболат сәуір айының 4 күні Республика Сарайында кеш бермек. Дегенмен, әншінің айтуынша, бұл шығармашылық кештен гөрі өзін-өзі таныстыру, көрсету екен.

Қазақ өнеріне сен осы лайықтысың ба, бұл тұсаукесер деп те айтуға болады. Халықтың батасын алу.Есеп беру деп айтпаймын. 3-4 жылда тірнектеп жинаған дүниелерімді  халыққа бір тәттілеп жеткізу.

Әнші қауымы қандай ән орындамасын патша көңілді көрерменнің көңілінен шықса болғаны.

Тағы оқыңыз:

11 жасымда анам қайтыс болды: «Қазақстан аруы» қатысушысының әңгімесі елді жылатты

Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауында әділқазы болмақ

Ол негізі былай болды: “Жезөкшелерді” қамшымен сабаған Жан Ахмадиев өз әрекетін түсіндірді

Еркек емес, ол есек: Айсәуле Бақытбек жезөкшелерді қамшымен сабаған рэперді байғұс деп атады

 

Талқылау