Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліндегі баламасы жоқ сөздер

Халықаралық сөздер - (ағылш. international) графикалық және дыбыстық ұқсастықтары бар және белгілі бір дәрежеде сәйкес келетін, бірқатар тілдерге ортақ сөздер. Интернационал сөздер қай тілде болмасын өз қалпында қалады және оны аударудың қажеті жоқ. Бүгінгі материалымызда жиі кездесетін интернационал сөздердің тізімін жасадық. Енді оларды қазақша баламасын іздеп әуре болмай, қолдана аласыз.

  • Интернет - ағылшынның "Internet" сөзінен шыққан. Бүгінде ғаламтор деп аударылып жүр, алайда көп адамға бұл сөз қолдануға ыңғайсыздық келтіретін тәрізді. 
  • Реалды, реал - ағылшынның  "real, really" сөздерінен шыққан. Қазақ тілінде шынайы деген баламасы бар. Алайда реалды сөздің түпнұсқасы болып есептеледі.
  • Пиар - PR (Public Relations) қоғаммен байланыс дегенді білдіреді. Қазақша баламасы жоқ.
  • Бренд - бұл да ежелгі грекскандинав сөзінен шыққан "от, жандыру" дегенді білдіреді. Ағылшын тілінде тұтынушының санасында өнім немесе қызмет туралы түсінік, пікір, бірлестік эмоция, құндылық сипаттамалар жиынтығы деп түсіндіріледі. 
  • Cтартап - ағылшынның "startup" сөзінен шыққан, бастаушы дегенді білдіреді.
  • Потенциал - белсенді, дамуға бейімі бар екенін білдіретін қабілеттілікті көрсетеді.
  • Эмоция, эмоцианалдық - (латынның emoveo — толғандырамын, таңғалдырамын) деген сөздерінен шыққан. 
  • Негативті - (лат. negativus)  жағымсыз сөзінен туындайды. 
  • Базалық - ағылшынынң "basic" - қарапайым, негізгі, жеңіл мағынасын білдіретін сөз.  Сөздің шығу тегі компьютерлік кодтармен тығыз байланысты. Абревиатура негізінде Beginner's All-purpose Symbolic Instruction Code (BASIC) пайда болған.
  • Позитивті - латынның "positivus" сөзінен шыққан, жағымды, дұрыс деген мағынаны береді. 
  • Актуалды - қазақша өзекті деген баламасы бар бұл сөз шын мәнінде интернационалды болғандықтан оны қаз қалпында қолдана беруге болады. Латынның "actualis", яғни "тірі, істеп тұрған, жүріп тұрған" деген мағынаға сәйкес келеді. 

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

Талқылау