"Қазақ тілінде сайрап тұр": Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелімен қалай танысқаны туралы айтып берді
Сейфуллин Жолбарыс екінші жары Екатеринаны көпшіліктің ортасына алып шықты. Бір-бірімен қалай танысқандарын және қазаққа келін болу қандай екенін айтты, деп Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Ес білгелі үнемі ән айтып жүремін. Мектептерде неше түрлі байқауларға қатысатынмын. Қазақ мектебінде білім алдым. Бірінші сыныпқа барғанымда қазақша мүлдем сөйлей алмайтынмын. Кейіннен үшінші сыныпта таза сөйлей бастадым», – дейді жұбайы Екатерина.
Екатерина Жолбарыс Балқаш қаласының Көктал ауылының тумасы екен. Ол қазақ мектебін бітіріпті. Ал Сейфуллинмен таныстығы бір байқауда басталған.
«Басқа ұлттар арасында қазақ тілінен жарыс өтті. Катяның қатысатын байқауына мені қинап көрермен етіп отырғызып қойған. Сол жерде бірінші орын алды. Қазақ тілінде сайрап тұр. Ол кезде менің продюсерлігім болған. Басқа ұлттың қызынан қазақ тілінде ән айтатын әнші шығарсам деген ойым болған. Ол 2007 жылдары еді. Басында солай жұмысқа шақырылған. Іріктеуден өтіп қабылданған», – дейді Сейфуллин Жолбарыс.
Екатерина қазіргі кезде Сейфуллиннің шығармашылықпен айналысуы үшін оның барлық жағдайын жасап отырғанын айтады.
«Қазақстан халқы ассамблеясында жұмыс істеп жүргенмін. Бастығым сол ойынға мені қинап жіберген еді. Қазір мен Сейфуллин тек шығармашылықпен айналыссын деп, барлық жұмыстарын өзіме алдым. Мен оның жүргізушісімін, хатшысымын, стилистімін де», – дейді Екатерина.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
