Қазақ тілінде сауал қойған журналисті келемеждеген Станислав Черчесовке 738 мың теңге айыппұл салынды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тіліне қатысты сөйлеген сөзі үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gettyimages.ru
Бас бапкерге қазақ тілінде сауал қойған журналисті мазақ еткені үшін 200 АЕК немесе 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынған.
"Черчесовтің әзілдері кейде шектен шығып кетеді. Онымен жеке сөйлесіп, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен басымдығын түсіндірдім. Онымен әңгімелесіп, жұмыс істедік. Оған айыппұл салынды", – деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.
Еске салсақ, бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні "сен француз тілінді сөйлеп тұрсың ба?" деп келемеждегені туралы жазған едік.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр