"Сен қазір французша сөйлеп тұрсың ба": Қазақстан құрамасының бапкері Черчесов тағы да қазақша қойылған сұраққа шағымданды
Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Станислав Черчесов Словенияға қарсы ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында өзіне қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні келемеждеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Словения мен Қазақстан құрамасы арасындағы матчтан кейін журналистердің бірі бас бапкерге қазақ тілінде сұрақ қойған еді. Ал бапкер оның сұрағын келемеждеп жауап қатты.
“Сен қазір француз тілінде сөйлеп тұрсың ба? “Paris, se va bien (ред. Парижде бәрі жақсы). Бұл сұрақ па, жоқ басқа ма?" – деп таңғалғанын жасырмады.
Айта кетейік, бұған дейін де Қазақстан құрамасының бапкері Черчесов өзіне қазақша сұрақ қойылғанына шағымданған еді.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып

