Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен Air Astana жолаушысына айыппұл салынған (видео)

Air Astana әуе компаниясы айналасында тағы дау туды! Өзін журналистпін деп таныстырған Оғыз Доған мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап еткені үшін полиция бөлімшесіне жеткізілгенін айтты.

казак тілін сураганым ушін

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жолаушы стюардессамен арада болған кикілжіңді видеоға түсіріп алған. Онда борт қызметкері Оғыз Доғаннан телефон камерасын өшіруді ресми тілде сұрайды. Алайда азамат өзінің журналист екенін, болған жайтты халыққа жеткізуге құқылы екенін айтады. Өз кезегінде ұшақ қызметкері оған ескерту қағазын ұсынып, полиция шақыратынын мәлімдейді.

Бұдан кейін жолаушы желіде тікелей эфирге шығып, болған жайтты өз аузымен айтып берді.

“Қазақ қыз жаныма келіп орысшалап бірдеңе деді. Мен түсінбедім. Түсінбегенімді аңғарып ағылшынша айтты. “Мемлекеттік тілде сөйлеңіз” деп едім, қазақ қыз мінезін көрсетіп кетіп қалды. Қазақша білмейді ғой деймін, маған ұнаған жоқ. Басқа қызметкерлерге де айттым. “Қарындас” деп сыйлап сөйлестім. Одан кейін орыс жігіт келіп орысша, ағылшынша бірдеңелер айтты. Мен тағы түсінбедім. Ол да кетіп қалды. Сосын видеодағы орыс қыз келді. Айқайлап бірдеңелерді айтып жатыр.

“Маған қазақ тілінде сөйлеңіз. Түрікше сұрап тұрған жоқпын. Оған қақым да жоқ. Маған мен білетін қазақ тілінде айтыңыз ескертуіңіз болса”, – дедім. Ол қыз да мінезін көрсетіп, кетіп қалды”, – деп түсіндірді азамат.

Алайда азаматтың шамына тиген басты нәрсе бұл емес. Айтуынша, бұдан кейін Алматы әужайында полиция оны бір сағат бойы ұстап, артынша 6800 теңге көлемінде айыппұл салған.

“Жақсы, бұл ештеңе емес. Бірақ мен оларға: “Қазақ тілінде қызмет алғым келгені үшін 1 тиын айыппұл салсаңдар да ұят. Қанша салсаңдар да маңызды емес”, – дедім. Ұлттық компания болса, бұл кісілердің басындағы азамат орыс па, қазақ па, маған бәрібір. Қазақстанда мемлекеттік тілді қорлағаны үшін, ең бастысы, осы орыс қызды жауапқа тартып фирманың ішінде, шара қолдану керек. Сол орыс қыз менен емес, қазақ халқынан, ата-бабамыздан мұратқа қалған қазақ тілінен кешірім сұрауы керек. Мен соны талап етіп отырмын. Маған басқа ештеңе керек емес. Бұл жеке Оғыз Доғанның проблемасы емес, қазақ тілінің проблемасы”, – дейді жолаушы.

Өз кезегінде Air Astana компаниясы аталған ақпаратты жоққа шығарды. Facebook-те жарияланған постқа компания былай деп жауап берді:

“14 тамызда КС 954 рейсіндегі жолаушы қауіпсіздік шараларын орындаудан бас тартқаны үшін ЖІІБ-ге айыппұл төлеуге тартылды. Ол ұшақтың қону кезінде үстелшенің бетін көтеруден бас тартты. Бұл талаптың орындалмауы жолаушыға қауіп-қатер туғызуы мүмкін, сондықтан оны орындау міндетті түрде талап етіледі.

Әуе компания бортсеріктері жолаушыға бірнеше рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде үстелшенің бетін көтеруін сұрады. Бірақ жолаушы өтінішті орындамай, өзіне сол кезде ұшақты отырғызуға дайындау рәсімдерімен айналысып жатқан аға-бортсеріктің қызмет етуін талап етті. “Эйр Астана” әуе компаниясы қазақ тілін аса құрметтейді. Қазақ тілін жетік білу барлық бортсеріктерге қойылған бас талаптардың біріне жатады”, – дейді Air Astana өкілі.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйел жаңа қызметке тағайындалды

Ресейдің Сладкое көлі Қазақстанға берілді

Қызылордалықтар тозығы жеткен кент әкімдігі ғимаратынан ұялып жүр (фото)

Білім министрлігі грант бөлу мәселесі бойынша бірнеше шешім ұсынды

Талқылау