Қазақ тілінде аудармасы бар, бірақ орыс тілінде қолданылып жүрген 8 сөз
Қазақ тіліндегі көп сөзді орыс тіліндегі атауымен айтып үйреніп қалғанбыз. Қазақша аудармасы бола тұра, оны қолданбай жатамыз. Себебі көбі мұндай сөздердің қазақ тіліндегі баламасын білмей жатады. Бүгінгі материалымызда орыс тілінде қолданылып жүрген сөздердің қазақша нұсқасын ұсынамыз.
Самалдық – балкон. Ғимарат қабырғасының сыртынан немесе ішінен салынған алаң тәрізді конструкциялық бөлшек. Оның аудармасы ретінде бірнеше нұсқа ұсынылады. Самалдық деген нұсқа ең дұрысы.
Құбыланама – компас. Бағытты анықтауға мүмкіндік беретін аспапты кейде түсбағар деп те атайды. Құбыланама – Құбыла деген сөзден шыққан. Ол оңтүстік батысты көрсетіп тұратын, ауыспайтын бағыт.
Демеуші – спонсор. Әлеуметтік, экономикалық шараның, жобаның жүзеге асырылуын іске асыратын, құрылысты, объектіні қаржыландырушы тарап. Оны демеуші, қолдаушы деп те атауға болады.
Аспансерік – стюардесса. Атауы айтып тұрғандай әуе серігі, ұшақ қызметкері.
Шанышқы – вилка. Шаншып алу мағынасына сай келеді. Ас-үй құрал жабдығының ең жиі қолданылатын түрі.
Бағдаршам – светофор. Әртүрлі бағыт беретін шамдарды бар жол сілтейтін деген мағынағы сай келеді.
Дерлік – почти. Сөйлемде шылау рөлін атқарады. Мағынасына қарай сәл өзгеруі мүмкін. Мәселен: оқушының барлығы дерлік жиналды.
Есесіне – зато. Қыстырма сөз ретінде жүреді. Мағынасы “сол себептен”, “арқасында” дегенге саяды.
@stan.kz Қазақ тілінде баламасы бар сөздер ##қазақтілі ##stankz
♬ оригинальный звук - STAN KZ