Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілін үйренуге арналған тегін жасанды интеллект құралы енді Қазақстанның барлық тұрғындарына қолжетімді

Beeline Janymda қосымшасында жасанды интеллект көмегімен қазақ тілін үйрететін тегін оқыту құралын іске қосты.

Қазақ тілін үйрену енді жеңіл әрі қызықты болады. Ол үшін тек смартфон мен Janymda суперкосымшасы болса жеткілікті. Жаңа ЖИ-құрал ауызекі сөйлеуді меңгеруге көмектеседі, мәтінді аударады және оқуды ойын түрінде қызықты етіп ұсынады.

Оқуды бастау немесе қажетті аударманы алу үшін Janymda қосымшасына кіріп, AI-репетитор функциясын, "Қазақ тілі жаныңда" қосымшасын таңдасаңыз болғаны. Қолданушыға репетитордың келесі мүмкіндіктері бар мәзір ұсынылады:

 

           – Сөйлем құрастыр;

           – Сөздермен ойын;

           – Қатені тап;

           – Әңгімені жалғастыр;

           – Бос орынды толтыр;

           – Мәтін бойынша сұрақтар.

 

Бағана таңдалғаннан кейін виртуалды репетитор не істеу керегін түсіндіріп, тапсырманы бастауды ұсынады. Барлығы қарапайым әрі интерактивті форматта өтеді. Сондықтан бұл құрал ересектерге де, балаларға да қолайлы.

 

Қазақ тілін үйренуге арналған қосымша қазірдің өзінде қолжетімді әрі тегін. 

 

Болашақта Janymda қосымшасының мүмкіндіктері кеңейе түседі. Атап айтқанда, жаңа тілдер қосылып, қосымша оқу құралдары аудио және визуалды материалдар пайда болады. Бұл оқу процесін одан әрі қызықты ете түседі.  

 

Сонымен қатар жақын арада Janymda қосымшасында толыққанды AI-көмекші пайда болады. Ол қолданушыларға оқуда және оператордың сервистерімен өзара байланысуда көмек көрсетеді.

"AI-негізіндегі оқытушы – Janymda қосымшасының мүмкіндіктерін қалай кеңейтіп жатқанымыздың нақты мысалы. Біз ересектерге де, балаларға да қызықты өнім жасадық. Бұл құрал қазақ тілін ойын түрінде, қарапайым әрі түсінікті форматта үйренуге көмектеседі. Бұл – әсіресе балаларының білім алуын қалайтын, өзі де бірге үйренгісі келетін ата-аналар үшін өте маңызды. Біз өз аудиториямызға тек технологиялық жағынан дамыған ғана емес, шын мәнінде пайдалы әрі маңызды қызмет ұсынғанымызды мақтан етеміз", – деді Максим Цвыков, Beeline Қазақстан компаниясының жаңа бизнес бағыттары бойынша коммерциялық директоры.

 

AI-негізіндегі оқытушы отандық KazLLM тілдік моделінің базасында жасалған және танымал чат-боттардың принципі бойынша жұмыс жасайды. Оқу процесі мәтіндік хат алмасу форматында өтеді.

Қазақ тілін үйренуге арналған ақылды көмекшіні бастапқы сынақтан өткізуге ай сайынғы белсенді аудиториясы шамамен 5 миллион адамды құрайтын Janymda супераппының пайдаланушылары қатысты. Бұл әзірлеме қолданушылар тарапынан оң бағаға ие болды.

"Технологиялар барлық жастағы адамдар үшін білімге жол ашады. KazLLM тілдік моделінің және AI мүмкіндіктерінің арқасында қазақ тілін үйрену көпшілікке қолжетімді әрі түсінікті болады. Бұл жай ғана цифрлық өнім емес, қазіргі заманғы технологиялардың оқыту тәсілін қалай өзгерте алатынының айқын мысалы", – деді Алексей Шаравар, QazCode компаниясының бас директоры (Beeline Қазақстан құрамындағы IT-компания).

Janymda – Beeline-ның көпфункционалды қосымшасы. Бүгінде бұл қосымшада тек байланыс үшін төлем жасау ғана емес, сондай-ақ смартфондар мен дәрі-дәрмектер сатып алу, теміржол және әуе билеттерін брондау, Simply бонусын (20%-ға дейін) жинау, фильмдер мен сериалдар көру, музыка тыңдау және тағы да басқа мүмкіндіктерін пайдалануға болады. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Маусым, 2025 11:00
Талқылау