AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тілді білсең, қазақтар сені аш қалдырмайды": Қазақ тілінен сабақ беретін өзге ұлт өкілдері тәжірибелерін бөлісті

Бүгінде елімізде өзге ұлт өкілдері ішінде 1300-ден аса мұғалім Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Жақында президент мұндай адамдарды мемлекет қолдап, көтермелеуі тиістігін атап өткен еді. Осындай азаматтармен біз де тілдескен едік. Мұғалімдерден қазақ тілін үйрену жолдары мен оны шәкірттеріне үйретудегі тәсілдері жайлы сұрадық.

31 жастағы Сергей Зорин  орыс ұлтының өкілі, Қарағанды облысындағы мектептердің бірінде қазақ тілі мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Мектеп табалдырығанан тілге деген құштарлығы артып, бүгінде заманауи тәсілдер қолдана отырып балаларды білім нәрімен сусындатып жүр. Оның сөзіне қарағанда, тілді бала кезден мектеп қабырғасында үйренеді. Осы бағытта құлшынысы бар екенін аңғарған  ата-анасы мен мұғалімі Сергейге үлкен қолдау жасайды. 

Сергей Зорин

Көршілеріміз қазақтар болды

“Қарағанды облысы Ақтас ауылында тудым. Мен туып-өскен кентте орыстар, корейлер, немістер көп болған. Сондықтан менде тілдік орта болған жоқ. Мектепте тілге бейімдеген мұғалімім болды. Қазақ тілін 2-сыныптан бастап үйрене бастадым. Қазір ол кісі педагогикалық еңбек ардагері. Ұстазым басқа мұғалімдерден ерекшеленетін. Түрлі ойындар ойнап сабақ өтетінбіз. Тағы бір әсер еткені қазақ көршілеріміз болатын. Сол кісілердің үйіне барып “тиісіп”, маған қазақ тілін үйретуін сұрайтынмын. Серік ағаға (көршісі – авт.) “маған мынаны түсіндіріп беріңізші, ананы түсіндіріңізші” деп бара беретінмін. Ол уақытта 3-4-сыныпта оқимын. 

Ата-анам қазақша сөйлемейді, бірақ анам қазақ тіліне қатысты дұрыс бағыт-бағдар берді. Ол маған қазақ тілі көршілеріміздің, бізбен бірге тұратын халықтыңі тілі деп түсіндіретін. Оны меңгеру маңызды екенін айтатын. Анам өзі дүкенге барғанда кейбір қазақша тіркестерді айтып жүруге тырысатын, сәлемдесетін”, – дейді Сергей Зорин.

Грамматикам қазақ сыныптасымнан мықты еді

“Қазақ тілін жақсы меңгеріп алғым келді. Қазақ-түрік лицейіне түстім. Мұғалімдер қазақ тілін үйренуге деген құштарлығымды байқады. Соның ішінде Бегімбай Меруерт есімді мұғалімім маған қазақ тілін үйрету үшін бос уақытын арнайтын. Қазақстан тарихы, География сияқты пәндерді қазақша оқығаным да үлкен септігін тигізді. Тілдік ортаны қалыптастыруға әсер етті. Мектепте жүргенде грамматикалық ережелерді жақсырақ білгендіктен сыныптасым менен кейбір тақырыптарды көшіретін”, – дейді ол.



Қазақ тілін білсең қазақтар сені аш қалдырмайды

Оның сөзінше, қазақ тілін білу деңгейі пікір алмасуға, өзін ортада еркін ұстай алатын деңгейде.

“Менің деңгейім – орта, яғни мен қазақ тілін түсінемін, тақырыптарға еркін сөйлей аламын. Бұл деңгей күнделікті тіршілік үшін жеткілікті. Негізі барлық қиындық осы деңгейге келгенде пайда болады. Дүкенде, пойызда, кез келген жерде жүргенде тіл білуіңнің артықшылығы байқалып тұрады. Бұл адамдардың көңілін табуға көмектеседі. Мәселен, Бурабайдан келе жатқан кезде қазақтармен бір вагонда болдым. Мен ешқашан қазақ тілін білетінімді бірден көрсетпеймін. Бастапқыда адамдардың сөйлегендерін тыңдап, байқаймын. Міне, осы кезде екі сағаттық тегін тәжірибе алдым. Саясат, тарих, қоғамдағы жайттар жайлы сөйлестік. Қазақ тілін білсең, қазақтар сені аш қалдырмайды. Жұмыста да тіл білгеннің артықшылығы көп. Үш тіл білетіндіктен іссапарға баруға мүмкіндік бар”, – дейді қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Сергей Зорин ағылшын тілінің маманы болғандықтан, тілді үйре пәнін оқытатын заманауи тәсілдерді қолдана отырып үйретеді. 

“Ағылшын тілін оқытудың методикасын біле отыра мен қазақ тілінен де сабақ бере бастадым. Балабақшада төрт жыл бойы қазақ тілін бүлдіршіндерге үйреттім. Қазір бастауыш сыныптарға беремін. Әрбір мұғалімнің өзінің сабақ беру тәсілі бар. Ал менің қағидам – сабақ кезінде тілдік орта қалыптастыру. Ағылшын тілі болсын, қазақ тілі болсын сабақ уақытында мүлдем ана тілімізді қолданбаймыз. Оқушылар да тиісінше менен орыс тіліндегі, басқа тілдегі сөздері естімейді. Бұл балаларды дұрыс ритмге әкелуге, сәйкес орта қалыптастыруға көмектеседі. 

Бала 7 жасқа дейін ойын арқылы тілді тез-ақ үйреніп кете алады. Ал жеткіншектерге тілді грамматикасына сай меңгеру керек. Адам неғұрлым есейе келе соғұрлым тілді меңгеруі қиындай береді. Қазақ тілін үйренуге Қазақстанда мүмкіндік көп. Далаға шығып, дүкенге барып тәжірибе жинауға болады”, – дейді Сергей.

Айтуынша, ең бастысы тілді меңгеруді бастау. Ол үшін оқулық сатып алып, қолға алу қажет.

Әрине, қазақ тілінің негізін мұғаліммен үйренген әлдеқайда жақсы. Бүінде тегін сабақтар жүргізетін орталықтар көп. Маған фильм, телехикая, кітап арқылы тіл үйрену қызық. Содан соң тілді жаттықтыруға болады. Жеке басым әлеуметтік желідегі хабарламалар арқылы машықтанамын.

Менің басқа ұлт екенімді көріп, қазақша сөйлей бастағанымда адам түсінбей қалады. Арада үзіліс орнап, содан соң ары қарай орысша сөйлеп кете береді. Қазақ тілін енді-енді үйреніп келе жатқан адамға ешқашан күлмеңіздер дегім келеді, себебі ол қысылып, ары қарай тіл үйренуге зауқы болмай қалады. Ағылшын тілін адамдар өздері қалағандықтан меңгереді, қазақ тіл де сондай болуы тиіс. Демек адамға үйренуге қызықты ету керек. Әрине, тілді қателіктер жібермей үйренбейсің”, – дейді Сергей Зорин. 

Қазақ тілін үйрену жолым оңай болды деп айта алмаймын

28 жастағы Дмитрий Ромащенко украин ұлтының өкілі. Бүгінде Қостанай қаласындағы М. Горький атындағы гимназиясында қазақ тілінен 1 мен 8-сыныптарға сабақ береді. Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі бар, қазақ тілінде сабақ беріп жүргеніне 6 жыл болған.

Дмитрий Ромащенко

“Қостанай облысының солтүстігінде орналасқан Федоров ауылының тумасы. 2011 жылы орыс мектебін аяқтап, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы мамандығына оқуға түседі. 

Қазақ тілін үйрену жолым оңай болды деп айта алмаймын. Бірінші сыныптан қазақ тілі пәніне қызығушылығым мол болды. Мемлекеттік тілге оянған қызығушылығыма мұғалімдерім әсер етті. Мен үшін қазақ тілі сабақтары басқа пәндерге қарағанда ең қызықты болды. Бұл естеліктер өмір бойы есімде сақталады. Университте оқып жүргенде оқытушыларым маған үлкен қолдау көрсетті, осының арқасында мен қазақ филологиясын бітіріп, мұғалім қызметіне келдім”, – дейді ол.

Айтуынша, оқу процесінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысады.

“Оқушылардың сөздік қорын дамытуға ерекше назар аударамын, мультимедиялық құралдарды пайдаланамын. Әрине, сабақтарымды оқушылардың жас ерекшелігіне сай өткіземін, бірақ кез келген сыныпта графилық органайзердің маңызы өте зор.

Мұғалім болу – жүрегімнің қалауы

“Қарапайым өмірде, тұрмыста орысша ойласам, шығарма оқығанда, эссе жазғанда, сабақ өткізген кезде қазақша ойлаймын. Қазақ тілінен сабақ беретінімді бала кезден армандадым. Мұғалім болу – жүрегімнің қалауы”, – дейді Дмитрий.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі сүйікті кітабы Жан пида екенін атап өтті.

“Қазақ тіліндегі сүйікті кітабым – Шыңғыс Айтматовтың "Жан пида" романы. Бұл менің толықтай қазақ тілінде оқыған бірінші кітабым. Бір өкініштісі, қазіргі көркем әдебиетті оқуға уақыт жоқ.

Әдеби деңгейде емес, кітаби лексика арқылы қазақ тілін үйренетін болдым. Орыс тілді ортада білім алып, тіл үйренудің алғашқы қадамдарым кітаптар көмегі арқылы іске асырылды”, – дейді ол.

Өзге ұлт екенім жұмыс барысында маған жеңілдік бермейді

“Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді үйренуге деген азаматтардың көзқарасы айтарлықтай жақсарды деп айтар едім. Шынында да, бірашама уақыт бұрын "маған қазақ тілі керек емес" деген пікірлерді еститінмін. Қазір жас ұрпақтың санасы артып келе жатыр, оқушылар тіл үйренудің маңыздылығын жақсы түсінеді. Жас ұрпақтың зерделігін пайдалана отырып, мемлекеттік тілді үйренуге дұрыс уәждеме жасау керек деп ойлаймын.

Мемлекеттік тілді білу менің өмірімде маңызды рөл атқарады. Тіл арқасында мен қалалық, аудандық облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпазы атандым. Көптеген байқауларға мен өзге ұлт өкілі ретінде емес, мұғалім ретінде қатысамын. Кәсіби байқауларда ешқандай жеңілдік жоқ, мен оны дұрыс деп санаймын. Тәуелсіз мемлекетте мемлекеттік тілді білу баршаға норма болуы тиіс”, – дейді Дмитрий Ромащенко.

Айтуынша, қазақша сөйлесе таңғалатын жағдайлар көп болған.

“Кейде назар аудармау үшін үндемеуге тырысамын. Бірақ балалар қазақша сөйлейтініме таңғалмайды, олар мені қарапайым мұғалім ретінде қабылдайды”, – дейді мұғалім.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр