Қазақ тілі Telegram мессенджеріндегі ресми тілдер қатарына қосылды
Қазақ тілі Telegram мессенджеріндегі ресми тілдер қатарына қосылды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл жаңалықты ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
“Бүгін Telegram әлеуметтік желісінің тіл параметрлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ресми түрде қосылды”, – делінген ақпаратта.
- Тоқаев полицияның халық арасындағы беделінің төмен екенін айтты
- Ұлыбританияда оқып жүрген қазақ жігіті: “Бойыңда неғұрлым жақсы дағдылар қалыптастырсаң, болашағың жарқын болатынына көзім жетті”
Қазақ тілін iOS пен Android жүйелерінде және браузер нұсқасында қолдануға болады. Тілді өзгерту үшін параметрлер бөліміне өтіп, "Тіл" тармағын басып, қазақшаны таңдау керек.
Бұған дейін Telegram қосымшасының қазақшасы сілтеме арқылы beta нұсқа түрінде жұмыс істеген. Қазақ тілі Telegram-ға түркі тілдері арасында түрік пен өзбек тілінен кейін үшінші болып қосылды.
"Аппақ дәлізбен жүріп өтіп, жындарды көрдім": Жүрегін ауыстырған қазақстандық клиникалық өлім мен тылсым құбылыс туралы айтты
Калия: "Дәрігерлер ата-анама “жаназаға дайындала беріңдер, тек бір аптадай өмірі қалды” деген"
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған