Қазақ тілі ресейліктер арасында танымал болып келеді: Омбыдан келген дәрігер Астанаға келуі туралы айтып берді
Соңғы екі айда Қазақстанға 400 мыңнан астам ресейліктер келіп, оның 320 мыңнан астамы елімізден кетіп қалды. Еңбек министрі Тамара Дүйсенова Үкімет аясында қазір елде 22 мыңға жуық Ресей азаматы ресми түрде жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме беріп.
Түсірілімнен скриншот
Алексей Никитин осы жазда Омбыдан Астанаға көшіп келді. Өзі Көкшетауда өскен, мектептен кейін Ресейге көшті. Онда ол мамандық иесі атанып, отбасын құрды. Алайда 15 жылдық тәжірибесі бар табысты хирург соңғы саяси жағдайларға байланысты Қазақстанға келуге мәжбүр болды.
“Бұл өте қиын. Омбыда мен көп нәрсеге қол жеткіздім. Алайда соңғы жағдайларға байланысты балаларымның онда қалғанын қаламадым, өз болашағымды ол жерден көргім келмеді”, – деді Ресейден келген хирург Никитин.
Алексей Никитин Абай тілін үйренуді мақсат етіп қойғанын айтады. Үш айдың ішінде ол қазақ тілінде жаңалықтар оқи бастады. Қонақжайлылыққа құрмет ретінде шетелдіктерге Қазақстанның әнұранын білуге кеңес берді. .
Омбылық дәрігердің айтуынша, ресейліктер, орыстардың қазақ тілін үйренуге деген ұмтылысы барған сайынартуда. Өйткені қоғамға сіңісу үшін оған толық ену керек. Ал қазақ тілін білмесең, бұл мүмкін емес, дейді Никитин.
Еңбек министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазір елде Ресейден келген 22 мың еңбек мигранты бар. Бұл – ресми жұмыс істейтіндер және зейнетақы жарналарын аударатындар.
“Күн сайын жаңартылатын жедел деректер бойынша 400 мыңнан астам ресейліктер келді. 320 мыңнан астам адам кетті. Ал 100 мыңға жуық ресейлік осында”, – деді Дүйсенова.
Жыл басынан бері Қазақстанға техникалық мамандықтардың өкілдері ең көп келді. Екінші орында – мұғалімдер мен дәрігерлер. Ең азы - агрономдар.
Өз кезегінде Алексей Никитин Қазақстанда дамуға мүмкіндік көп екенін атап өтті.
“Қазақстанда медицинаны, медицина ғылымын және практикалық медицинаны дамытуға үлкен әлеует бар. Мен дәрігер ретінде, ұйымдастырушы дәрігер ретінде мұны байқай алдым. Технологиялық даму тұрғысынан қазақстандық медицинаның керемет даму деңгейіне тап боламыз”, – деді Ресейден келген дәрігер.
Алексейдің өзі медициналық клиника ашуды жоспарлап отыр. Қазір хирург жұмыс істейді.
Келген шетелдіктердің мамандықтары: техникалық - 989 адам, экономикалық - 516 адам, педагогикалық - 351 адам, медициналық - 219 адам, ауыл шаруашылығы-70 адам, басқалары-3128 адам.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
