Қазақ-өзбек кедендік шекарасы арқылы өтетін энергия ресурстары бақыланады
Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақ-өзбек шекарасы арқылы өтетін энергия ресурстарын бақыланатын заң жобасын таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның сөзінше, келісімге 2021 жылғы 6 желтоқсанда Астанада қол қойылды.
"Келісімде Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыр жол көлігі мен электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия желілеріне бірлескен кедендік ұйымдастыру көзделеді. Бұл тараптардың кеден органдары балансына есепке алу аспаптары тұрған ведомстволары өкілдерімен бірлесіп, есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу кезінде ай сайынғы іс-шараларды жүргізу", – деді Жамаубаев.
Келісімде энергия ресурстарын кедендік декларациялау және кедендік бақылау мәселелеріндегі өз қызметінің тәжірибесі туралы, анықталған фактілер және мемлекеттердің кеден істер саласындағы ұлттық заңнамасын бұзушылықтың анықталған фактілері және анықтау тәсілдері мен олардың жолын кесу туралы ақпаратпен алмасу көзделеді.
Заңды талқылау барысында Ерлан Саиров осындай әрбір келісім Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан жасалуы керек екенін айтты.
"Осы қаралып отырған келісімде контрабанданың жолын кесуде және кедендік заңды бұзуды болдырмауға арналған қандай нақты шаралар бар. Қазақстан мен Өзбекстан арасында есептеу аспаптары көрсеткіштері сәйкес келмегенде қандай рәсімдер көзделген", – деді ол.
Депутаттар заң жоба сын дауысқа салып, оң қорытынды шығарды.