Қазақ қызы туған ағасының 14 жасынан бастап өзін зорлап келгенін айтты (видео)
Айжан есімді Сарыағаш қаласының тумасы өзін туған ағасының қалай зорлыққа көндіргенін айтты.
Бұл жайлы 7 арнаның «Өз ойым» бағдарламасында айтылды.
Студияға келген Айжан есімді келіншек бала күнінде ағасынан зорлық көргенін айтты.
“Әкем жүк көлігінің жүргізушісі, анам аспаз болып жұмыс істеді. Отбасында екі баламыз. Бір әке, бір шешеден тудық. Сол туған ағам бір күні ойнап жүрген жерімнен алдап үйге шақырып алды. Үйге әкеліп, ойындағысын істеді. Мен ешқайда қашып құтыла алмадым. Бұл жайтты ата-анама да, басқаларға да айта алмадым. Ата-анам ағамды қатты жақсы көретін. Айтсам, оны қатты жазалай ма деп қорықтым, Бұл бір рет қана болып қойған жоқ. Ағам бірнеше рет зорлады”, – дейді келіншек.
Осы оқиғадан Айжан еркек атаулыдан қорқып қалғанын, күйзеліске түскенін айтты. Психологтарға барып жүріп, өз-өзіне келген. Тек құрбысынан өзге ешкім білмейді. 30 жасында тұрмысқа шығып, екі баланың анасы атанған. Өзі сабақ алған соң, екі қызының тағдырына қатты алаңдайтынын жеткізді.
“Екі қызым да ұрынып қалмаса екен деп отырам. 7 жасар қызыма түсіндіріп, алданбау керек екенін, біреу шақырса, бармау керек екенін айтам”, – дейді ол.
Айжанның айтуынша, ата-анасы бұл жайттан әлі күнге дейін бейхабар. Ағасымен алыстан сыйласады. Ағасы да отбасын құрған. Үш баласы бар.
Тағы да оқыңыз:
Лифтіде көз жұмған журналистің әпкесі: ПИК адамдары келіп оның ажалы, өздері кінәлі деп кетті
“Қалаулым” бағдарламасы арқылы танылған Ислам шаңырақ көтерді (фото, видео)