Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы Мысырдағы жігітіне қарызға берген 540 долларды қайтара алмай жүр

Анар ханым үш жыл бұрын өзінің құрбысына 14 мың доллар қарыз берген. Бұл ақшаны ол әлі күнге дейін қайтара алмай жүр екен. Осы орайда, қазақстандық заңгерлер мен экономистер туысқандар мен достарымызға қарыз бергенде келісім-шарт жасауды ұсынды. Мұнымен қатар, заңгер қазақ қызының басында болған бір оқиғаны баяндап берді.

0эжз4

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

“Бұрын қарызға ақша беретінмін. Қазір мұндай әдетім жоқ. Үш жыл бұрын досыма үлкен сомада ақша бердім. “Ертең-бүрсігіне” деп әлі қайтармай жүр. Ақырында заңгерлерді апарып, ақпанның 10-на дейін қайтаратындығы туралы құжатқа қол қойдыртқыздым. Бастапқыда 12 мың доллар, артынша майда ақшамен 2 мың доллар бердім. Яғни жалпы қарызы 14 мың долларды құрап отыр. Ең басында қарызды қайтаруға уәде етіп, қолхат жазып берді. Алайда заңгерлер бұл қағаздың ешқандай да күші жоқ екенін айтты. Оның үстіне тартып алатындай үйі де, көлігі де жоқ. Айғайға салып, арамыздағы достықтың еш мәні қалмады. “Досыңды жоғалтқың келсе, қарызға ақша бер” деген қағида көп жағдайда орындалатын сияқты. Әрине, жауапкершілігі мен ұяты бар адам ақшаны міндетті түрде қайтарады. Әлгі құрбым қарызды алған кезде жақсы жерде жұмыс істеп жүрді. Бірақ 4 айдан кейін шығып кеткен екен. Өтірігі көбейіп, осы уақытқа дейін бізді алдап келді”, – дейді Анар ханым.

Қазақстандық экономист Аида Жанқарақызы бар айыптың Анар ханымда екенін айтты. Яғни басында келісім-шарт рәсімдегенде, мұндай жағдайға тап болмайтынын тілге тиек етті.

“Басынан әлгі әйелді толық зерттеп, кепілдік қойдырғаныңызда мұндай жағдай болмайтын еді. Бар айып өзіңізден болып отыр. Ол әйел жақын досыңыз болса да, заң тұрғысынан зерттеуіңіз керек. Әрине, келісім-шарт достыққа сызат түсіруі мүмкін. Десе де, ол ешуақытта артық болмайды. Ақша жүрген жерде достықтың болмайтынын ескеріңіздер. Достық қарым-қатынасты сақтап қалу үшін осылай жасап жатқандарыңызды ақырындап түсіндіріңіздер”, – дейді Аида ханым.

236

Заңгер Айнұр Махметова да осы пікірді толықтай қолдап отыр. Мұнымен қатар, ол Мысырдағы жігітінен 540 долларды қайтара алмай жүрген клиенті туралы айтып берді.

“Банктен және жеке адамнан алатын қарыз бар. Кейінгісінде адамдар келісім-шарт жасаса бермейді. Көбінесе қарызды өзіміздің жақсы танитын туысымызға, досымызға беретініміз анық. Яғни бірінші орынға адамгершілікті шығарамыз. Бірақ үлкен сомадағы ақша берген кезде нотариуске барған жөн. Сол жерге қарыздың қайтарылатын уақыты туралы пунктіні кіргізе кетуіңізге болады. Жуырда тәжірибемде бір қызық оқиға болды. Қыз бен жігіт интернет арқылы танысып, бір-біріне ғашық болған. 23 жастағы қыз Қазақстанда, ал жігіт Мысырда тұрады. Бір күні жігіт қыздан 540 доллар қарызға сұрайды. “Сол ақшаны қайтару үшін не істеймін?” деп бізден көмек өтінді. Мұның қиын жағдай екені айтпаса да белгілі. Мысырға барып, әлгі жігіттен қарызды алу үшін де қорғаушы жалдауы керек болады. Яғни екі-үш есе шығындалады. Қазір ол Мысырдың елшілігімен сөйлесіп, осы мәселені реттеп жатыр. Меніңше, үлкен сома болған кезде келісім-шарт жасасқан дұрыс”, – дейді заңгер.

Ал сіз туысқандарыңыз бен достарыңызға қарыз бересіз бе? Берген жағдайда келісім-шарт жасайсыздар ма?


Жіберіп алмаңыз:

Әкесіне өкпелеген 43 жастағы әйел әлі тұрмысқа шыққысы келмей жүр

Жұрт екі түрлі еркектен некесіз балалар туған әйелді сынап тастады

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Талқылау