Қазақ қызы әйгілі Dolce&Gabbana көрсетіліміне қатысты (фото)
Қазақстандық модель Баян Бокишева Гонконгте өткен Dolce&Gabbana жабық көрсетіліміне қатысты.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Модель қыздың айтуынша, әлемдік танымал дизайнерлердің көрсетіліміне қатысқан алғашқы қазақ қызы екен. «Алғашқыда, Dolce&Gabbana кастингінен өту мүмкін емес сияқты көрінді. Себебі модельдерді таңдау үшін олардың кастинг-директоры Миланнан ұшып келіп, Бейжің, Шанхай, Гуанджоу мен Гонконг қалаларынан іріктелді.
Бірақ, армандар орындалатынына көзім жетті! Осындай құрметке ие болғаныма шексіз қуаныштымын. Әсіресе, олардың көрсетіліміне қатысқан алғашқы қазақ қызы болғаныма өте ризамын», – деп жазды ол Instagram парақшасына.
Айта кетейік, бұл Dolce&Gabbana компаниясының Alta Moda коллекциясын шығысқа алғаш алып келуі және келесі көрсетілім Гонконгта өтеді.
Жіберіп алмаңыз:
“Мисс Қарағанды-2016” байқауының жеңімпазы ауруханаға түсіп қалды
Гүлзира Айдарбекова: Мен ботокс салдырып көргенмін