Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ халқының ақиық ақыны Кенен Әзірбайұлының өмірбаяны

Stan.kz ақпараттық агенттігі қазақ, кеңестік халық ақыны, әнші, композитор, КСРО жазушылар одағы мен композиторлар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ақын-жырау Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өмірбаянын ұсынады.

Қазақ халқының ақиық ақыны Кенен Әзірбайұлының өмірбаяны

Өз шығармаларымен өмір бойы еркіндік пен бақыт үшін күресіп, халықтар бауырластығы мен достығының, кеңестік биліктің таңын жырлаған Кенен Әзірбаев 1884 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Мәтібұлақ ауылында дүниеге келген. Ол 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа, содан кейін кеңес билігінің құрылуына қатысып, қоғамға түбегейлі өзгеріс енгізген тарихи оқиғалардың бел ортасында жүрді. 11 жасында домбыра ойнап, ән шырқады. Жас кезінен бастап айтыс өнеріндегі шеберлігін дамытып, 1900 жылы Шалипамен, 1921 жылы Ләтипамен, 1935 жылы Кенже-қожамен және 1943 жылы Абдығалимен айтысады.

Жетiсу өңірі бұрыннан өз ақындарымен танымал. Ақындар дәстүрі атақты Сүйінбай мен Жамбыл заманынан бері терең тамыр жая бастады. Біртіндеп бұл дәстүр жастарға да жетті. Өткір поэтикалық сөз, суырып салма өнері Жетісуда жоғары бағаланады. Жетісудың саңлақ ақындарының арасында «Кенен» ерекше орын алады. Кенен – керемет суырып салма ақын ғана емес, сондай-ақ танымал әнші және композитор, бірнеше танымал әндердің авторы. Кененнің өмірі жас ұрпаққа үлгі бола алады.

Болашақ ақынның әкесі Әзірбай музыка мен поэзияда ерекше қабілеттерімен ерекшеленбеді. Бірақ, өз ауылында кейде ән айтып, домбырада ойнаған.

Ал анасы Ұлдар өз заманының танымал әнші, ақыны. Ұлдар ұзақ уақыт бойы бала сүйе алмады. Кенен оның тұңғыш және көптен күткен ұлы еді. Сондықтан анасы Кененді қатты жақсы көрді, оған қамқорлық жасады. Кішкентай Кенен анасының әнін тыңдағанды жақсы көрді. Бірақ тағдыр аяусыз болып шықты. Ұлдар Кенен жеті жасқа келгенде қайтыс болды. Бұл қайғы Кенен мен жасы алпыстан асқан әкесі Әзірбайды есеңгіретіп жіберді. Әкесі мен ұлы әбден кедейліктің тауқыметін тартты. Әзірбайдың ауласында тек екі-үш ешкіден басқа мал болмады.

Сонда кішкентай Кенен қарт әкесіне қолқанат болып, нан тауып, күн көру үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды. Ол байдың қозысын бағады. Күні бойы ауылдың шетінде жүріп қозы бағып, ал кешке қарай қайғыға батып, кедейліктен қажыған әкесі мен ұлы сылдың көже мен суға араластырылған қышқыл шалапты ішіп, жаман лашықтарында қайыршылықта өмір сүрді.

Қуынышсыз, көңілсіз айлар мен жылдар өтті. Бала Кенен де жұмыстан әбден шаршады. Ал далалы ауылдарда жаздың ұзақ түндерінде жастар көңіл көтеріп, асық ойнап, ән салып жүрді. Бірақ, Кенен бұл қуанышты көре алмады. Ол таңертең ерте тұрып, қозы бағуға кететін. Тіпті, арасында түнде де малға қарауға тура келді. Бірақ бала бұған еш мойымады, оның денсаулығы мықты болып өсті. Сонымен қатар, ол домбыраға қызығушылық танытып, домбыра тартып, ән айту арқылы күш алды.

Ол бала кезінде анасынан естіген әндер мен күйлердің әуендерін еске түсірді. Кешке қарай жастар ауылдың шетінде ойын ойнап, көңіл көтеріп жүргенде Кенен ән салатын.

Өзі секілді көптеген жетім және кедейлердің балалары жас әншіге қаншалықты қиын болып жүргенін түсінді, оған ниеттес болды. Бірақ, өздері кедейліктің тауқыметін тартып жүргендіктен ешқандан көмек көрсете алмады.

Жетiсу ақындар мен әншілердің жерi болғандықтан байлардың ауылына ақын-жыраулар мен әншілер көп келетін. Олар кішкентай Кененге үлкен әсер етті. Кенен мал бағып, шаршап келгеніне қарамастан босағада немесе киіз үйдің сыртында отырып, солардың әндері мен айтыстарын сүйсініп тыңдады. Кейде ұйқысыз түндерден кейін оның тіпті, күндіз далада ұйықтап қалған кездері болды.

Осындай жағдайларда оны байдың қамшысы оятатын. Осылайша жылдар өтті. Кенен шопандармен, табыншылармен кездесіп, олардың әңгімелерін тыңдап, сыбызғы мен домбырада ойнап, бар дауыспен ән шырқады. Кейде өз өлеңдерін домбырада ойнап, жұртты таңғалдырып жүрді.

Кенен өлең жазуды ерте бастады. Ол жазушылық өнерін табиғат, жануарлар, құстар туралы көрген-білгенін жазумен бастады. Сөйтіп өлеңдерін таныс шопандарға оқып беретін. Олар жас Кененнің қабілетіне таңғалып, қиын тағдырларына лағнет айтты.

Бірақ Кенен үмітін үзбеді. Ол бойынан ерекше күш-қуатты әнші, ақынның күшін сезді. Ол керемет дауыс пен шебер тілге, сирек кездесетін байлыққа ие болды. Кенен ән айтып, өз ойлары туралы жазды. Әрине, ол әннің бостандық үшін күресуде, әділдікке жетуде дүмді қару екенін түсінбеді. Дала – оның өмірі, мектебі болды.

Ол табиғатты жақсы көрді, тіпті жылғалардан аққан су мен шөптердің сыбдырын, желдің гуіліне құлақ түріп, беріліп кететін. Дала дыбысы баланың жүрегінде музыкаға, таңғажайып симфонияға айналды. Дала оның ниеттесі, досы болды. Ол бозторғайдың даусын тыңдап, аспанға қарап жатқанды жақсы көретін. Осылайша, жас ақын үмітсіз өмірі, арманы туралы, бостандық туралы алқашқы әнін жазып, бұл туындысын «Бозторғай» деп атады.

Кенен көптеген халық ақындары секілді өз өлеңдеріне кездейсоқ сөздерді және сөз тіркестерін қоспайды. Кененнің әндерінің мазмұны терең, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті.

Алайда, бұл өлеңдерде қазақ кедейлерінің қайғылыға толы бүкіл өмірі суреттеледі. Ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген Кененнің әкесі ақша жинап, қартайған кезде Көкшолақ атты көтерем ат сатып алды. Бұл ол үлкен қуаныш болды. Бірақ, көтерем атқа қараудың өзі аяғышты болатын. Сонда Кенен жеңіл әзілмен «Көкшолақ» туралы өлең жазды.

Кейіннен Кенен Бибол есімді байдың қызымен айтысып, танымал болады. 1910 жылы Еркебай есімді болыс билеушісі Кененнің атағы туралы естиді. Ол әншіге атшабар жіберіп, оны өзіне шақырып алады. Кенен байдың отарын қуана-қуана тастап, атын әкесіне тапсырып, болысқа барады. Ал Еркебай ақынның өнерін бағалап, астына ат мінгізеді. Сол уақыттарда қартайған әкесі қаза болып, Кенен жазғыз қалды.

Еркебайдың ауылына келген Кенен кедейліктен біржола құтылып, сүйікті ісімен айналысуды қолға алды. Еркебай ауылында ол апалы-сіңілі қыздармен танысып, біреуіне ғашық болды. Екі жас бір-бірін сүйгенімен, бойжеткен байдың қызы болғандықтан үйлену жайлы ешқандай сөз болмады. Осылайша, Кенен Естай секілді ғашығына арнап «Қос Қалка» әнін жазды.

Сол кезеңде жазылған Кененнің тағы бір әні «Мертай-сұлу» деп аталады. Мертай мен Кенен бір-бірін жақсы көрген. Бірақ Кененнің қалыңмалға беретін малы болмай, отбасы қызды басқа біреуге күйеуге береді. Дегенмен, Кенен оны алып қашуды ойлады және қыз да онымен қашуға келісті. Бірақ олар ұсталып, қыз жазаланып, ал Кененге айыппұл салынды. Шарасыз күйге түскен Кенен айыппұлдан құтылу үшін жалғыз сиырын беруге мәжбүр болды. Сүйіктісіне қосыла алмай, сағынған әнші оыслайға оған ән арнады.

1916 жылы патша жарлығымен қазақ, қырғыз, түркімендер мен өзбектер майданға жұмысқа шақырылды. Сонда ашынған халық жарлыққа қарсы шығып, көтеріліске шықты. Оның ішінде қолына қару алған Әли Нұрғожаевпен бірге Кенен де көтеріліске қатысты.

Сонда Кенен 1916 жылғы Жетісу бүлікшілерінің көшбасшысы болған Әли Нұрғожаевқа арнап «Әли Батыр» атты ең ірі шығармаларының бірін жазады. Кенен бала кезінде ауыл молдасынан білім алғандықтан сауатты болды.

Сондай-ақ, «Егіз ән» туындысы да 1916 жылғы оқиғаларға арналған. Әнші еңсесі көтеріліп, арты-артынан өлең жазып, совет билігі жайында ән шырқады. 1919 жылы Алматыда ақындар жиналды. Жамбыл мен Үмбетәлімен бірге кездесуге Кенен де келді. Сонда ол «Октябрь» жаңа әнін шығарды.

Кеңестік биліктің алғашқы жылдарында бұл ән Қазақстанның көптеген ауылдарында айтылып жүрді. Бірақ, Кенен жас Кеңес республикасына тек өлеңдері мен әндерімен ғана көмектеспеді. Ол қазақ ауылдарын кеңестендіру жөніндегі жұмыстарға тікелей және белсенді қатысады. 1921 жылы Кенен Қордай революциялық комитетінің төрағасы, Қазақстандағы алғашқы кедей комитетінің ұйымдастырушысы болды. Өміріндегі алғашқы жетістіктеріне қуанған Кенен сол кезде «Шаңқ етпе» әнін жазды. Сондай-ақ, Ленин қайтыс болған жылы «Ленин бабам» өлеңін шығарды.

1925 жылы ақын үлкен қайғыны бастан кешті. Ұзақ сапардан кейін қайтып оралған Кенен Базар мен Назар есімді екі ұлының қайтыс болғаны туралы суық хабарды естіді. Бұл қорқынышты жаңалық әншіні есеңгіретіп, сағын сындырды. Кененді жұбату үшін қазақ ауылдары мен Қырғызстанның ауылдарынан талантты ақын, әншілер мен өнерін сүйген жанкүйерлер келді.
Екі бауырлас халық әншінің қайғысын бірге бөлісті. Сонда Кенен екі ұлына арнап «Базар-Назар» әнін жазды. Бұл баласынан айырылған әкесінің қайғылы әні.

1933 жылы Алматыда ұжымдық колхозшылардың алғашқы республикалық съезі өтті. Кенен, осы шараның құрметіне «Колхоз әні» атты жаңа ән шығарды. 1936 жылы ол қазақ өнерінің онкүндігінде қатысқан қазақ мәдениетінің көптеген тұлғаларымен бірге Мәскеуде болды. Мәскеуде Кенен «Ленин кесенесі» әнін жазды.

Біздің еліміздің көп қырлы өмірі Кенен өлеңдері мен әндерінде көрініс табады. Ақынның бұл тақырыпта «Жердегі бейбітшілік», «Бейбітшілік туралы ән», «Қазақстан», «Әлем туралы ән», «Партияға рахмет», «Күләш», «Мәскеу батыр» сияқты шығармалары бар.

Халықтың ықыласына бөленген Кенен көп саяхат жасады. Ол Қарағанды шахтерларына, Балқаштың мыс балқытушыларына, Гурьевтің мұнайшыларына, Каспийдің балықшыларына, Шымкенттің мақта өсірушілеріне, Қызылорданың күрішөсірушілеріне барып, сол алып құрылыстардың жетістігін шабытпен жырлады. Ол ақындар мен қырғыз достарына жиі баратын. Кененнің репертуары өте бай. Көптеген қазақ және қырғыз әндері мен өлеңдерінен басқа, ол қазақтың «Қобыланды», қырғыздың «Манас», түрікменнің «Көрұғлы» сияқты үлкен эпикалық дастандарын жатқа білді.

Көтеріліске дейін Балуан-Шолақ Жетісу жеріне келді. Сонда Кенен Балуан-Шолақпен кездесіп, онымен дос болды, көп жылдар бойы сапарда бірге жүрді. Балуан-Шолақпен танысу Кененге үлкен, пайдалы әсер қалдырды.

Балуан-Шолақ оны Солтүстік Қазақстанның әнші, композиторларының бай шығармашылық мұрасымен таныстырды. Ал Жамбыл Кенен басқарған Жетісу ақындарының дәстүрі ана сүтін сіңірген. Кенен сондай-ақ, тағы бір көрнекті ақын, әнші Шашубаймен жақын таныс болды.

Кененнің әндері музыкатанышулар мен халық шығармашылығын жинаушылардың назарына ілінді. Тіпті, Затаевичтің жинағы белгілі ақынның бірнеше әнін қамтиды. Затаевич Кененмен жеке кездеспеген, бірақ оның жинағындағы ескертулерде ол туралы бірнеше жақсы сөз айтып өтті. Кененнің әндеріне 1934 жылы композитор Л. Хамиди мен С.Шабельский музыка жазды. Затаевич жазған Кенен әндерінің бірі композитор Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында қолданылған.

Кененнің әндерін композитор Ерзакович та үлкен сүйіспеншілікпен және еңбекқорлықпен жинады. Ол халық ақынының 150-ден астам әндерін жазды. Кененнің шығармашылығы біздің өмірімізбен тығыз байланысты.

Қазақ халқының ақиық ақыны Кенен Әзірбайұлының өмірбаяны

Ақын талантын толығымен өз халқына және Коммунистік партияға арнады. Кенен – үлкен мәдениеттің және прогрессивті көзқарастың адамы. 50-ші жылдары ол ұзақ уақыт бойы науқастанып, қатты ауырды. Бірақ ауырғанына қарамастан шығармашылық жұмысты тоқтатпады.

1959 жылы қазақ қоғамы ақынның 75 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.
Кененге құрмет көрсету үшін Қордайға Алматы, Жамбыл, Шымкент, Фрунзеден, сондай-ақ көрнекті қазақ және қырғыз ауылдары мен қалаларынан қонақтар келді. Ал Кенен мерейтойға келгендерді «Жетпіс бес» атты жаңа әнімен қуантты.

Кенен Әзірбайұлының мерейтойы қазақ және қырғыз халықтарының арасындағы достық мереке, ән өнерінің мерекесіне айналды. Байдың қозысын бағып, қиын өмірі жайлы тек аспанда ұшып жүрген бозторғайға ғана әндетіп айтқан жетім бала өз халқының танымал, құрметті, сүйікті әншісі болды. Жамбылмен жарты ғасырдай бірге жүріп, жаңа дәуірді асқақтата жырлаған замана жырау, халқына асыл мұра қалдырған қазақтың халық ақыны Кенен Әзірбаев 1976 жылы 12сәуірде дүниеден озды.

Қазақ халқының ақиық ақыны Кенен Әзірбайұлының өмірбаяны

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Қазан, 2018 12:05
Талқылау