"Қазақ келіншегінің эталоны еді". Айгүл Мүкей марқұм анасын еске алды
Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей өмірден өткен анасына әсерлі жазба арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
©instagram.com/aigulmukei
“Көзің тірі болғанда биыл 70 жылдығыңды тойлаушы едік, мама… Анам дүниеден озғанда 21 жаста болдым. Жалғыз, жас, өмірге деген көзқарасы мүлде басқа. Анам нәзік, көңілді, үнемі үйдің тыныштығын ойлап отыратын нағыз қазақ келіншегінің эталоны ретінде есімде қалды. Көп балалы ана болуды армандады. Бірақ менен басқа баланы сүйіп үлгермеді. Қазір жанымда болғаныңда мына үш немереңнің қызығын көруші едің. Күрсінем де қоямын. Басқа амал бар ма?!” – деп жазды ол.
Желі қолданушылары да өздерінің жылы сөздерін аямады.
“Ананың өзі жоқ болсада, әрқашан қолдап, қорғап жүреді. Иманды болсын!”, “Ананың орынын ешкім баса алмайды”, “Құран бағыштапсың, қабыл болсын!”, – деп жазды желідегілер.
Журналист әрі тележүргізуші Айгүл Мүкей бүгінде үш баланың анасы.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
