Қазақ қақпашысы Павленко "Питтсбург Пингвинз" лагерінде дайындық өткізуде
Фото: instagram.com/penguins
Қазақстандық қақпашы Максим Павленко ҰХЛ-дың "Питтсбург Пингвинз" клубының оқу-жаттығу лагеріне қатысуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shaiba.kz спорттық порталы сілтеме жасап хабарлайды.
Команданың қақпашылар тобына Тристан Джарри мен Артур Шилов та кірді. Сонымен қатар жақында кәсіби мансабын аяқтаған әйгілі Марк-Андре Флёри де тізімде бар. Ол клубпен жанкүйерлер үшін бір ойынға арнайы келісім жасасты.
Әлем чемпионатынан кейін Павленко "Питтсбургтің" фарм-клубы саналатын АХЛ-дағы "Уилкс-Барре/Скрантон Пингвинзбен" келісімшартқа қол қойған болатын. Өткен маусымда қақпашы "Рязань-ВДВ" сапында жеті рет мұз айдынына шығып, қақпаға бағытталған соққылардың 90,1 пайызын қайтарды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

