AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақ – еркін": Назарбаев университетінің түлектері диплом табыстау рәсіміне саяси иллюстрациялары бар бас киім киіп келген

Назарбаев университетін аяқтаған студент қыздар диплом табыстау рәсіміне саяси мазмұндағы иллюстрациялары бар бас киімдер киіп келген. Бас киімдерге "Украинаны қолдаймын", "Қазақ – еркін” секілді сөздер жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BatyrJamal Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

назарбаев университеті

Түлектердің айтуынша, бас киімдегі жазуларды жазу кезінде бір-бірімен алдын-ала келіспеген. Әркім өзі қалаған тақырыпта сурет салған. 

"Мен қаңтар оқиғасын ұмытпауымыз қажет деп есептегендіктен, осы суретті таңдадым. Меніңше, біз алдыға жылдам қадам басып, болған оқиғаға мойынсұнып кеттік. Бұл қорғаныш механизмі де шығар. Бірақ қазақ қоғамы мұны ұмытпауы керек. Төрт жасар қыздың граффитиі бейнеленген суретті таңдау эмоционалды тұрғыдан қиын болды, бірақ бұл осыған тұрарлық деп санаймын", – дейді Назерке есімді түлек. 



Кей түлектер "Украинаны қолдаймын" және "Қазақ – еркін" сөздерін жазып алған. Ал тағы біреуі әлемдік бейбітшілік белгісі – пацифик пен 107 санын жазған. Бұл Ресейдің Украинаға қанша күн бұрын басып кіргенін көрсетеді. 

"Бұл ешқандай акция емес, университетте әркім бас киіміне өзі қалаған сурет салады. Мұндай дәстүр бізге батыстан келген. 2019 жылы біздің түлектер бас киімдеріне сурет салған, арасында "ОЯН" деген жазу болды. Осы жылы тек саяси ғана емес, қарапайым суреттер де бар", – деді Назерке Мухлиссова. 

Ләззат Төлеутай саяси тұтқындарды қолдау үшін "Қазақ – еркін" деп жазғанын айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр