Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақ екенін дәлелдеп беремін": Шыңғыс хан Арыс тұрғынына аян беріп, жатқан жерін көрсеткен (видео)

Атағы айды білеген Шыңғыс хан нағыз қазақ және оның қабірі - Арыс қаласында. Арыстық Махметкәрім Шанасовқа түсінде Шыңғыс ханның өзі осылай деп аян берген көрінеді. Тіпті, үйінің ауласына тастар әкеліп, осында менің жатқан жерімнің картасы бар деп айтқан. Қабірді ашуға тек елбасының рұқсаты ғана керек деген Шанасов Шыңғыс бабасын қазақ елімен қауыштыратына бек сенімді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Бір сұрақ" бағдарламасына сілтеме жасап. 

шынгыс

Жүргізуші Ғалым Кәлмен Махметкәрім Шанасовтан Шыңғыс ханды қазақ деп ойлайсыз ба деп сұрағанда: 

"Қазақ! Оны дәлелдеп беремін. Шыңғыс ханның бейнесі еш жерде жоқ. Көріп жүрген суреттегі Шыңғыс хан ол емес. Моңғолдар тақта отырған бейнесін өздері жасап алған. Шыңғыс бабаның өзі маған аян беріп айтты: "Мен саған суретімді тастан шығарып беремін". Содан кейін үйімнің ауласына 32 тас тастап кетті. 65 сурет шықты", - деп сөзін аяқтаған Шанасов студияға әкелген бір тасын көрсетті. Шыңғыс хан аян бергелі бойына емшілік қасиет қонған Махметкәрім аға қазір емшілікпен де айналысады екен. Ол ұлы билеушінің бейнесі берден шықпағанын, бір ай уақыт өткеннен кейін біліне бастағанын айтады. 

Бағдарламаға қатысушылардың бірі еш бейне байқамаса, екіншілері ұлы императордың сұлбасын көргендей болды.

"Тарихшылардың бәрі оттай береді", - дейді өз болжамына сенімді Шанасов.

Ол қазақ хандарының бәрі Шыңғыстан тарайды деп айтқанмен, неге өзін моңғол дейміз деген сөзге басы жетпей дал.

"Ауылдағы имамдар Шыңғыс хан қазақ дегенімде сенбеді. Ал тасты көрсеткенде сеніп, батасын берді. Олар адамның бейнесі тастан қалай шығып тұр дейді", - деп өз сөзін дәлілдеуге тырысқан оған тасты қалай, қайдан алдыңыз дегенде: 

"Ешқайдан алмаймын, үйге әкеп тастайды. Үйде отыз екі тас бар. Шыңғыс бабаның өзі әкеп тастаған. Тастарды кім әкеп жатыр деп көршілер күледі. Шыңғыс хан баба әкеп жатыр деймін. Жұрт жабыла берген соң өзім де сенбей қалдым, ойым бұзылды. Шыңғыс хан шықпайды екен дедім. Бір күні ұйықтап жатқанда аян берді, ар жақтан дауыс шықты. Тіпті, денеме де суреті шықты. Сонда айтты: "Мен сенің денеңе де сурет шығарып бердім. Дуалға келген сайын шығарып беремін, судың бетіне де, қурап қалған талыңа да шығардым. Сол кезде де сенбейсің бе? Мені сен шығармасаң кім шығарады? Мен моңғол емес, қазақпын",- дейді Шанасов.

 

 

Ең қызығы денесіндегі суретті қағазға шығарып алмақшы болғанда, фотограф жігіттердің фотоапараты істемей қалған.

Шыңғыс бабасын нақты тауып беретініне нық сенімді Махметкәрім Шанасов оның бейнесі тасты алғаш қарағанда көрінбейтінін айтады. Ал қабірді қазу кезінде жолды қалай есептедіңіздер дегенде: 

"Таста көрсетілген белгілерге қарадық. Егер беталды қаза берсең, жүз метр болса да қаза берсің. Бізге белгі беріп отыр. Қазып келе жатқанда сәуле жанып, бағыт көрсетеді. Бір күні шырақ жанып көрсетеді. Арыс қаласында жарылыс болғанда ел сенің қазғаның көміліп қалды, мүмкін, Шыңғыс хан жарған шығар деді. Олай айтпаңдар деп ескерттім. Жарылыстан аман қалған. Еш жері құламаған", - деп жауап берді. 

Бүгінгі таңда есігінің алдына келіп тұрған олар елбасыдан рұқсат қағаз келмей ашайтынын айтады.

"Есігі қалай ашылады десеңіз, онда ешқандай құлып жоқ. Құранда аят бар, соны оқысаңыз қорғап жатқан алып жыланы кетеді. Ал екінші аятты оқысаңыз, есік екі жаққа қарай ашылады", - деген ол келген аянның нағыз Шыңғыс бабасынан екеніне сенімді. 
 


Мемлекеттерді жойып, өзен арнасын бұрып отырған: Ұлы қолбасшы Шыңғысхан туралы қызықты он дерек