Қазақ боксы қара жамылды: Ардагер жаттықтырушы дүниеден өтті
Фото:fblpavlodar09
Қазақ боксының ардагері, әйгілі бапкер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Гайсич Вахитов 98 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жайында Қазақстан бокс федерациясы хабарлап, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.
"Қазақстан боксының ардагері Рафаэль Гайсич Вахитовтың өмірден озуына байланысты отбасына және барша бокс қауымдастығына қайғырып көңіл айтамыз", – делінген федерацияның ресми хабарламасында.
Рафаэль Вахитов – Павлодар облысының тумасы, еліміздің боксына өлшеусіз еңбек сіңірген тұлға. Ол ұзақ жылдар бойы бапкерлік қызмет атқарып, көптеген чемпиондар мен спорт шеберлерін тәрбиелеген. Сондай-ақ, ол – Қазақ КСР мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт саласының танымал майталманы.
Бұған қоса 1980 жылы ол "Боксерские перчатки" балалар-жасөспірімдер спорт клубын ашқан.
Сонымен қатар, Рафаэль Гайсич Тың еңбеккері және ұзақ жылдар бойы еңбек еткені үшін 2009 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры атағына қол жеткізген.

