Қазақ балуаны Ресейдегі “Брикс 2024” ойындарының жеңімпазы атанды
Қазақстан құрамасы Ресейде өтіп жатқан “Брикс 2024” ойындарында алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы Исхар Құрбаев Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан “Брикс 2024” ойындарының жеңімпазы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. 55 келіде белдескен балуанымыз ақтық айқаста Еуропа чемпионы, ресейлік Виталий Кабалоевтан басым түсті. Осылайша Исхар “Брикс 2024” ойындарының тұңғыш жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, “Брикс 2024” ойындарына әлемнің 90 елінен, 5000-ға жуық спортшы сынға түсіп жатыр.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн