Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ азаматы АҚШ-тың әйгілі ғарыш агенттігі NASA-да жұмыс істейді

АҚШ-тағы қазақ диаспорасының жетекшісі Дархан Нұрмағамбет 12 жыл бойы америкалық ғарыш агенттігінде қызмет істейді.

20170824163339

Ол – НАСА-ға жұмысқа тұрған алғашқы қандасымыз. Жаңа технологияларды зерттей бастаған азамат туған өлкесін ешқашан естен шығармаған, деп хабарлайды Хабар 24.

Вирджиния штатындағы бұл үйді жергілікті жұрт қазақтың шаңырағы деп атайды. Домбыра мен қобыздың үнін үзбейтін Дархан Нұрмағамбеттің дастарқанынан ұлттық тағам да кетпейді. Үй қожайыны 15 жыл бұрын Қазақ-Америка қауымдастығын құрып, диаспораға жетекшілік етіп келеді.

«Мен Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келдім. 2002 жылы АҚШ-қа көштік. Қазір екі балам бар. Бізге жұмыс табу қиын болған жоқ. Өйткені Қазақстанда алған біліміміз осал болған жоқ. Өзім физик мамандығын игергенмін»,-дейді Қазақ-Америка қауымдастығының президенті Дархан Нұрмағамбет.

Ең алдымен Дархан швейцариялық компанияның өкілі болды. Ал жұбайы Аяулым «Оракл» компаниясының директоры қызметін атқарды. Кейін ол АҚШ-тың аэронавтика мен ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық басқармасына жұмысқа орналасты. Оған пилоттық жобаларды әзірлеу міндеті жүктелді.

“Мен өз көзіммен Шаттлдың ғарышқа жібергенін көрдім. Байқоңырға бардым. «Союз» бен «Кейп Канаверал» пилоттық жобаларына қатыстым. Еуропалық ғарыш агенттігімен ынтымақтастық орнаттық. 12 жыл ішінде саладағы үздік мамандармен танысып үлгердім”,- дейді ол.

Дархан Нұрмағамбет ғарыш стансаларында болған көптеген түйткілді шешуге атсалысты. Оның айтуынша, Америкада ғарыш саласы кәсіпкерлікпен тікелей байланысты. НАСА «Боинг» компаниясының тапсырыстарын орындаған. Илон Маск басқаларға қарағанда, бұл жобаға әлдеқайда аз қаражат жұмсады.

«Менің ойымша, қазақстандық ғалымдар да оны жүзеге асыра алады. Сондықтан бір орында тұрмай, тек алға қарай жылжып, автоматтандыру технологиясын дамыту қажет».

Шетте жүрген қандастарымыз Қазақстанмен байланысын үзген емес. Қазақ-Америка қауымдастығын ашқаннан кейін бұл отбасы жергілікті диаспорамен бірге ұлттық мерекелерді тойлап, кішігірім мектеп ашты. Ал жұбайы Аяулым «Балауса» хорын құрды. Бұл музыкалық ұжым қазір ел арасында үлкен танымалдыққа ие. Қазір олар түрлі сахналарда өнер көрсетіп жүр. Енді отандасымыз Қазақстан мен АҚШ арасында заман талабына сай технологияларды қолданып, тығыз байланыс орнатуды көздеп отыр.

Тағы да оқыңыз:

«Монғолияның Лашыны» атанған қазақ балуаны кім?

Венгрияда тұратын қазақ азаматы үйінде үнемі ет асып, бауырсақ пісіретіндерін айтты

Соғыстағыларға өз қаржысына азық пен ұшақ алып берген қазақтың бай азаматын білесіз бе? (фото)

Талқылау