AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысының тұрғыны сот арқылы ұзатылған кезде артынан келген жасауын қайтарып алды

Жамбыл облысында әйел өзінің артынан келген мүлкін ажырасқаннан кейін сот арқылы қайтарып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін күйеуінің туыстары жасауын қайтарғысы келмеген. Әйел өз құқығын қорғау Рысқұлов ауданының сотына мүлкін өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Аудандық соттың мәліметінше талапкер 2021 жылдың маусым айында мұсылмандық неке қиған. Үйлену тойынан кейін салт бойынша қалыңдықтың туыстары қыздың мүлкін тарту етті. Алайда отбасындағы келіспеушіліктер салдарынан ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен.

"Күйеуінің туыстарының қанжығасын қайтарудан бас тартуына байланысты әйел сотқа аталған мүлікті қайтарып алу туралы арызбен жүгінген. Істі қарау барысында сот медиация тәртібімен тараптардың дауды бітімгершілік келісімімен шешуіне шешім шығарды. Оның талаптары бойынша жауапкерлер талапкердің қанжығасын өз еркімен қайтаруға міндеттеледі", –  делінген Тұрар Рысқұлов сотының ақпаратында.

Талапкер яғни әйел келісімде белгіленген мерзімде өзінің несібесін өз бетінше алуға құқылы. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр